Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 57 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина

      КЕЛІСІЛДІ

      Ұзынкөл ауылдық

      округінің әкімі

      __________ К. Нұрмағамбетов

      2021 жылғы 24 қыркүйек

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 24 қыркүйектегі
  № 57 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Ұзынкөл ауылының тұрғындары үшін

484

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Есмырза ауылы тұрғындары үшін

9

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Павловка ауылы тұрғындары үшін

12

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 24 қыркүйектегі
  № 57 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ұзынкөл ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ұзынкөл ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Бөлек жиындарды шақыру туралы хабарлау міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады, бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша байланыстың өзге де тәсілдері қолданылуы мүмкін.

      5. Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады