Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 391/11 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданы Железин, Башмачин ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шайхимов

  Железин ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "13" желтоқсандағы
№ 391/11 қаулысына
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысалы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы

0,1121

"Омбы-Павлодар" магистральдық мұнай құбырының № 27 катодтық қорғау станциясының 0,4 киловольт кабельдік желілеріне қызмет көрсету үшін

10

Железин ауданы, Железин ауылдық округі

1

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы

0,1211

"Омбы-Павлодар" магистральдық мұнай құбырының № 25 катодтық қорғау станциясының 0,4 киловольт кабельдік желілеріне қызмет көрсету үшін

10

Железин ауданы, Железин ауылдық округі

1

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы

0,0918

"Омбы-Павлодар" магистральдық мұнай құбырының № 24 катодтық қорғау станциясының 0,4 киловольт кабельдік желілеріне қызмет көрсету үшін

10

Железин ауданы, Башмачин ауылдық округі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады