Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 158 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 158 қаулысымен бекітілді

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджет түсімдерін болжау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Кірістерді болжау кезінде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері пайдаланылады.

      Кірістердің болжамды түсімдерін есептеулерде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), статистика деректері және басқалар пайдаланылады.

      4. Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріледі.

      5. Түсімдерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында есептеудің бірнеше әдісімен жүзеге асырылады.

      6. Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетке түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.

      7. Жоспарлы кезеңге арналған салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде қолданыстағы заңнама шарттарында ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.

      8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.

2. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

2.1. Салықтық түсімдер

      9. Салықтық түсімдерді болжау мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп мынадай формула бойынша:

      P = NB * S, мұндағы:

      P - кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      NB - салық базасы;

      S - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлеме;

      2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені негізге ала отырып, мынадай формула бойынша:

      P = MP * Sесеп

      Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы:

      P - кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      MP - макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлері;

      Sесеп - есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Pесеп - есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      MPесеп - есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * (100% + I), мұндағы:

      P - ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп - есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      I - инфляция деңгейі, %.

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * Trорт., мұндағы:

      P - ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп - есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Trорт. - үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) - бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) - екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) - үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

2.1.1. Жеке табыс салығы

      10. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдіспен айқындалады:

      жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn

      Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      IPN(салық.салын)б - жоспарлы кезеңге жеке табыс салығы бойынша болжам;

      Dfzp - жоспарлы кезеңге арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп - есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Iipn - салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы;

      IPN(салық.салын)есеп - есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп - есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;

2.1.2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

      11. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам мынадай формула бойынша айқындалады:

      IPN (ноб)п = IPN (ноб)бағ * (100% + Іп), мұндағы:

      IPN (ноб)п - жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам;

      IPN (ноб)бағ - ағымдағы қаржы жылы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      I п-инфляцияның болжамды деңгейі,%.

2.1.3. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

      12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мұнай емес секторының жалпы қосылған құнының көлемі (бұдан әрі - ЖҚҚ, статистикалық деректер) негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      KPNп = KPNбағ. * T(жққ)/100%, мұндағы:

      KPNп - корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      T(жққ) - мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы,%.

2.1.4. Әлеуметтік салық

      13. Жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістпен есептеледі:

      жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn

      Sесеп = SNесеп/Dесеп * 100, мұндағы:

      SNп - жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Dfzp - жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп - есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Isn - салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы;

      SNесеп - есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп - есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.

2.1.5. Мүлік салығы

      14. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.

      Мүлік салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп - жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тр - алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша есептеулерде ағымдағы қаржылық жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

2.1.6. Жер салығы

      15. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп - жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам;

      NIбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp - алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

2.1.7. Көлік құралдарына салынатын салық

      16. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.

      Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі әдіспен есептеледі:

      инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NTп - жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NTбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %;

      17. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша есептеулерде ағымдағы қаржылық жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

2.1.8. Бірыңғай жер салығы

      18. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша есептеледі:

      EZп = EZбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      EZп - жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам;

      EZбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

2.1.9. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер

      19. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, мынадай әдіспен жүзеге асырылады:

      инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде мынадай формула бойынша:

      Ап = Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы:

      Ап - жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Абағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

      Iаk - салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.

2.2. Салықтық емес түсімдер

      20. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.

      21. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынатын бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды болжау жүзеге асырылмайды

2.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      22. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

2.4. Трансферттердің түсімдері

      23. Республикалық бюджеттен облыс бюджетіне берілетін трансферттер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.

      Облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне берілетін трансферттерді Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.

      Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттерді Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.

3. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

      24. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін кірістер тұтас алғанда үш санат бойынша айқындалады: салық түсімдері, салықтық емес түсімдер және соңғы үш жылдағы өсу үрдісін сақтай отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда).

      Бюджеттердің көлемін айқындау үшін реттелетін салықтарды қолдану кезінде бюджет заңнамасының нормаларын басшылыққа алған жөн (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 50, 52-баптары).

      25. Есептеулерде мемлекеттік кіріс органдары ұсынған жүйесіз сипаттағы (біржолғы) түсімдер есепке алынбайды.

      26. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға сәйкес тиісті есептеулерді, негіздемелерді және түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттерді қоспағанда, өздерінің кірістерінің болжамдарын ұсынады.

      27. Облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың кірістерін қарайды.

      Қажет болған жағдайда негіздемелер ескеріле отырып, кірістер бойынша есептеулерге түзетулер жүргізіледі және кірістердің түпкілікті болжамы айқындалады.

3.1. Салықтық түсімдер

      28. Кірістердің көлемін айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін бағалауды есептеудің мынадай әдістері пайдаланылады:

      1) есепті қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Uесеп, мұндағы:

      Pбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж - ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп - есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Kб(есеп) * 12, мұндағы:

      Pбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж - ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kб(есеп) - ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеніңдегі айлар саны;

      12 - жылдағы айлар саны;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pесеп. * (100% + Iб), немесе Pбағ. = (Pесеп * (100% + Iб))/12 * Кб + Nб(есеп), мұндағы:

      Pбағ - ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп - есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Іб - ағымдағы қаржылық жыл бойынша инфляция деңгейі,%.

      12 - жылдағы айлар саны;

      Кб - ағымдағы қаржылық жыл бойынша болжанатын кезең (айлар саны)

      Nб(есеп) - ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңі үшін салықтың іс жүзіндегі түсімі;

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе егер үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп * Trорт, мұндағы:

      Pбағ - ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп - есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Trорт - үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте:

      Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) - бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) - екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) - үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      5) экстраполяция арқылы мынадай формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп + Sорт, мұндағы:

      Pбағ - ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп - есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Sорт - үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы; бұл ретте:

      Sорт = ((Sесеп(1жыл) - Sесеп(өтк.жыл))+ (Sесеп(2жыл) - Sесеп(1жыл))+ (Sесеп(3жыл) - Sесеп(2жыл)))/3, мұндағы:

      Sесеп(өтк.жыл) - бірінші жылдың алдыңдағы жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) - екінші жылдың алдыңдағы бірінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(2жыл) - үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) - ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылғы түсімдер сомасы.

      Есептеулерде бірнеше әдістерді пайдаланған кезде, болжамдауда неғұрлым көп кірістердің түсуін қамтамасыз ететін әдіс ескеріледі.

3.1.1. Жеке табыс салығы

      29. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      30. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетін бағалауда жоспарлы кезеңге салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (қайта орналастыруға) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      31. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдістермен айқындалады:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn

      Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      IPN(салық.салын)б - жоспарлы жылға жеке табыс салығы бойынша болжам;

      Dfzp - жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп - есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Iipn - салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы;

      IPN(салық.салын)есеп - есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп - есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Ofzp * Fipn), мұндағы:

      IPN(салық.салын)б - жоспарлы жылға арналған жеке табыс салығы бойынша болжамы;

      Ofzp - болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fipn - Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы мынадай формулабойынша айқындалады:

      IPN(салық.салынб)б = IPN(ноб)оц * (100% + Iп), мұндағы:

      IPN(салық.салынб)б - жоспарлы жылға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам;

      IPN(салық.салынб)оц - ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.2. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

      32. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 50-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мұнай емес секторының жалпы қосылған құнының көлемі (бұдан әрі - ЖҚҚ, статистикалық деректер) негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      KPNп = KPNбағ. * T(жққ)/100, мұндағы:

      KPNп - корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      T(жққ) - мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы, %.

3.1.3. Әлеуметтік салық

      33. Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы ретінде номиналды мәндегі жалақы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры, жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне әрбір өңір бойынша алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану жолымен, шаруашылық субъектілер және бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      34. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауда, салық төлеушіні тіркеу орнының өзгеруіне (көшіру) байланысты өңірдегі салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      35. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістермен есептеледі:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn

      Sесеп = SNесеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      SNп - жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Dfzp - жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп - есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Isn - салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы;

      SNесеп - есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп - есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:

      SNп = (Ofzp * Fsn) ± Isn , мұндағы:

      SNп - жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Ofzp - болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fsn - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %;

      Isn - салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы.

3.1.4. Мүлік салығы

      36. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.

      37. Мүлік салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NIп - жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығының салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп - жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тр - алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      38. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша есептеулерде ағымдағы қаржылық жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

3.1.5. Жер салығы

      39. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп - жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам;

      NIбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp - алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

3.1.6. Көлік құралдарына салынатын салық

      40. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.

      41. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NTп - жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NTбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша есептеледі:

      NTп = NТбағ. * Тp, мұндағы:

      NTп - жоспарлы жылға көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NТбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp - алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      42. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша есептеулерде ағымдағы қаржылық жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

3.1.7. Бірыңғай жер салығы

      43. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша есептеледі:

      EZп = EZбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      EZп - жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам;

      EZбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.8. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер

      44. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша:

      Aп = Vп * S, мұндағы:

      Aп - жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Vп - акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі;

      S - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы:

      Vп = Vбағ. * Тр,

      Vп - акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;

      Vбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі;

      Тр - акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %;

      2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде мынадай формула бойынша:

      Ап = Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы:

      Ап - жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Абағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

      Iаk - салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.

3.1.9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемақылар мен алымдар

      45. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 50, 52, 52-1-баптарына сәйкес жергілікті бюджетке есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.

      46. Облыстық бюджетке есептелетін төлемдер мен алымдар бойынша болжам ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      SPп = SPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      SPп - жоспарлы жылға төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетінің болжамы;

      SPбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.10. Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж

      47. Жоспарлы жылға жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжамды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқынын мына формула бойынша қолдану:

      GPп = GPбағ. * Trорт, мұндағы:

      GPп - жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Trорт - үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу арқылы мына формула бойынша:

      GPп = GPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      GPп - жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. - ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп - инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.11. Басқа да салықтар

      48. Жоспарлы жылға арналған басқа да салықтар бойынша болжамын есептеу түсімдердің серпіні бойынша жүзеге асырылады.

3.2. Салықтық емес түсімдер

      49. Салықтық емес түсімдер, жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді және өзара өтелетін операцияларға жататын кодтарды, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржы жылының күтілетін түсімін бағалауды қоспағанда, бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінге талдау жасау негізге алына отырып болжанады.

      Салықтық емес түсімдердің осы түрлерін болжау бойынша жергілікті мемлекеттік уәкілетті органдар айқындалсын:

      Бюджеттік сыныптама коды 201102 - Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201302 - Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201402 - Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201504 - Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201505 - Облыстың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201508 - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201509 - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201510 - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201602 - Депозиттерге уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастырудан алынған сыйақылар - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201706 - Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201907 - Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 201910 - Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 202102 - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 203102 - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 205102 - Жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 205202 - Жергілікті атқарушы органдар тарататын гранттар - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 206105 - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 206107 - Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган;

      Бюджеттік сыныптама коды 206114 - Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары - Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

      50. Қалған салықтық емес түсімдер бойынша болжам бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша динамиканы талдауға, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылдың күтілетін түсімін бағалауға негізделе отырып айқындалады.

      51. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар айыппұлдарын болжау жүзеге асырылмайды.

3.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      52. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылдың күтілетін түсімінің бағасы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады