"Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 97 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 161 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 24 мамырдағы
  № 97 қаулысымен
  бекітілген

"Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қамысты ауданындағы жер қатынастарын басқаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақыты күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен белгіленген.

      11. Осы Ереже "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.

      12. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.

      13. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттерге сәйкес жер қатынастары саласында басқару функцияларын жүзеге асырады.

      15. Тапсырмалары:

      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      2-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жер учаскелерін беру туралы аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      4) жер учаскелерінің бөлінетін және бөлінбейтіндігін айқындау;

      5) елді мекендердің аумақтарын жерге орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      6) жерді сатуды (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру;

      7) жердi пайдалану мен қорғауды қозғайтын өңiрлiк бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

      8) аудан жерлерінің балансын жасау;

      9) жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының өзге де субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

      10) сатып алу-сату шарттарын және жерді жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау;

      11) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстарды дайындау;

      12) жерді резервте қалдыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      13) мемлекеттік органның құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      14) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      15) сотта бөлімнің мүдделерін қорғау.

      17. Құқықтары:

      1) басқа да атқарушы органдармен өзара әрекеттесе отырып өз қызметін жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;

      2) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

      3) аудан әкімдігіне жер мәселелері бойынша қаулылардың жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.

      18. Міндеттері:

      1) заңды және жеке тұлғалармен шарт жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға;

      2) өзі әкімшісі болып табылатын бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылауға, орындайтын жұмыстардың сапасына техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

      4) "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерін және "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;

      6) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдануға;

      8) "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды.

      "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады