"Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 137 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Халықов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "14" шілде
  № 137 қаулысымен
  бекітілген

"Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді.

      2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      2-1. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кент бюджетін жоспарлау және орындау саласында жергілікті атқарушылық органның функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктерін басқаруды жүзеге асырады.

      2-2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктерін басқарады.

      3. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы белгіленген заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 16

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын, қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;

      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;

      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;

      5) Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс – қимыл жасау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      әкімнің мүдделерін білдіру;

      кент әкімі құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу

      "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      16. Функциялары

      1) Президенттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;

      1-1) кент бюджетін орындалуын және жоспарлауын қамтамасыз етеді;

      1-2) кент бюджетін іске асыру бойынша шешім қабылдайды;

      1-3) кенттің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      1-4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін нысаналы және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

      1-5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, кенттің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      1-6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      1-7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кеіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді немесе шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне беру құқығымен ұсыну бойынша жұмысын өткізеді.

      2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

      3) аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да шараларды өткізуді, оларды дайындауын және өткізуді ұйымдастырады;

      4) Қарабалық кенті әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын дайындайды;

      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

      6) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;

      7) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жоспарға сәйкес іс қағаздарын жүргізуін ұйымдастырады;

      8) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолданады;

      10) жұмыстың стилін, әдісін жақсарту шараларын және жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      12) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

2. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттіқ мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      20. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

      мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді

      кент әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      2) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;

      3) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      4) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне өкілеттігін және міндеттерін анықтайды;

      5) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      6) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;

      7) кентінің қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;

      9) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      10) "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іс – сапарларға жолдайды;

      11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      12) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

      13) өз құзыреті шегінде "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;

      14) Өз құзыреті шегінде гендерлік саясаты іске асырады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес – өзге де өкілетіктерді жүзеге асырады.

      "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті жергілікті қоғамдастық жиылысының келісімімен иеліктен шығаруға құқығы бар.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады