Мәслихаттың 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 118 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 60 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8699 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 ақпандағы
  № 118 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Тимирязев ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылы аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тимирязев ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тимирязев ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Тимирязев ауылының әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тимирязев ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тимирязев ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Тимирязев ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 ақпандағы
  № 118 шешіміне
  2-қосымша
  Мәслихаттың
  2019 жылғы 17 қыркүйектегі
  № 281 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының тұрғындары үшін

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады