"Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 551/2 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 162/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 12.02.2024 № 162/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 мамырдағы "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 945/4 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е. Б. Иманзаиповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "19" сәуір
№ 551/2 қаулысымен
бекітілген

"Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ленин кенті әкімінің аппараты" (бұдан әрі - әкім аппараты) мемлекеттік мекемесі Ленин кенті әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Әкім аппараты егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Әкім аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басшының бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" 15.12.2004 жылғы №1324 қаулысына сәйкес бекітіледі.

      8. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Ленинский".

      Әкім аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140015, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3А-құрылыс.

      "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі – жұма күндері сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      9. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      10. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының құзыреті болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқасы белгіленбеген жағдайда.

2 тарау. Кент әкімі аппаратының міндеттері мен өкілеттігі

      11. Міндеттері:

      әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

      ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша әкімнің қызметін қамтамасыз ету;

      әкімнің басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылы.

      Өкілеттілігі:

      1) құқықтары:

      тұрғын үй қорын түгендеу;

      Павлодар қаласы әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен ауылдағы апаттық жағдайдағы үйлерді құлатуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттар шеңберінде ауыл түрғындарына шағын несие беруде көмек көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушылық органдардың, облыс, аудан (облыс маңызындағы қала) әкімі мен әкімдіктің, ауыл округінің, кент, ауыл, аудан маңызындағы қала әкімінің

      актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      Функциялары:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және кент әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      кенттің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Павлодар қаласының мәслихатына кент бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      кенттің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      кенттің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, кенттің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

      бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кентте автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

      шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

      тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдайды және жәрдем көрсетеді;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастырады;

      халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      қылмыстық - түзеу инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілейді;

      "Алтын алқа" алқасымен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдеседі;

      қылмыстық - түзеу қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы жаза түріне сотталған адамдарға қоғамдық жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      қылмыстық - түзеу жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға, оның ішінде:

      қылмыстық - түзеу жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      сотталғандардың еңбегін пайдаланатын қылмыстық - түзеу жүйесі мекемелерінің аумағында кәсіпкерлік субъектілерін ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға тарту;

      ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

      қоғамдық автокөлік қозғалысын ұйымдастырады;

      шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

      республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

      тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері тегін жеткізуге жәрдемдеседі;

      жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      статистикалық және шаруашылық есебін жүзеге асырады;

      жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

      өз құзыреті шегінде кентті сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;

      кентті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      елді мекен жерлерінде мал жаю үшін орындарды анықтайды;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысады;

      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдеседі;

      агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) береді;

      ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысады;

      "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізеді;

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз етеді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына шекті жол берілетін жүктеме нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      өзінің интернет-ресурстарында Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды орналастырады;

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      облыстың жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы хабарлайды;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жер телімдерін жеке меншiкке және жер пайдалануға береді;

      қауымдық сервитуттарды белгілейді;

      жер телімдерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізеді;

      Мемлекеттік корпорацияға жер теліміне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жібереді;

      жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер телімдері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат береді;

      аудандық өкiлетті және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кенттер, ауылдар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;

      тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдарға, ауылдық округтерге ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

      тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас

      бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының

      транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;

      аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

      пошта операторларына өздерінің аумақтарына өндірістік объектілерді орналастыруында жәрдем көрсетеді;

      әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

      кондоминиум объектілерін басқару органдарымен, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен олардың абоненттік пошта жәшіктерін қамтамасыз етуі және оларды тиісінше пайдалану жөнінде жұмыс жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпарат саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға

      және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      Павлодар қаласы әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Кент әкімі аппараты әкімінің өкілеттігі, мәртебесі

      12. Әкім аппаратына басшылықты "Ленин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өкілеттігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкім әкімнің орынбасарына ие.

      14. Әкімнің өкілеттігі:

      Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді іске асырады;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      Павлодар қаласы әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша кенттiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие беруге жәрдем көрсетеді;

      Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Ауыл әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4 тарау. Кент әкімі аппаратының мүлкі

      15. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      16. Әкім аппаратына бекітілген мүлік кенттің коммуналдық меншігіне жатады.

      17. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

5 тарау. Кент әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      19. Кент әкімі аппаратының қарамағында мынадай ұйымдар бар:

      "Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      "Ленин кентінің "SUNQAR" дене шынықтыру-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады