"Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 660/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 1222/26 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "28" сәуірдегі
№ 660/2 қаулысына
қосымша

"Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шеңберінде басшылықты жүзеге асыратын, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 - құрылыс.

      10. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Павлодара".

      12. Осы Ереже "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      14. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) дене шынықтыру мен спорт жүйесінің негізгі даму бағыттарын іске асыру, оларды дамыту бойынша болашақ, ағымдағы, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу;

      2) қаланың дене шынықтыру мен спорт саласындағы ұйымдардың, бірлестіктердің, мекемелердің және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

      3) қалалық спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;

      4) спорт түрлері бойынша қаланың құрама командаларын құру, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

      5) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша конференциялар, төрешілер кеңестерін, семинарлар өткізу;

      6) жеке спортшыларды дайындау және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік мекеме алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;

      - Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігінің қарауына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      - шарттар жасасу;

      - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      - мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

      - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) дене шынықтыру мен спорт дамуының қалалық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

      2) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      3) спорттың түрлері бойынша қалалық жарыстарды өткiзедi;

      4) спорт түрлерi бойынша аудандық қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында қалалық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      7) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      11) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      12) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      14) қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      15) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады:

      - білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

      - спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу.

      16) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      21. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

      3) басшы бұйрықтарын шығарады;

      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

      6) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;

      8) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;

      9) сенімхаттар береді;

      10) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

      11) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      12) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;

      13) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      14) "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң құрылымдық бөлімдерінің ережелерін бекітеді;

      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары жоқ.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:

      1) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Спорттың балалар - жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады