"Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 420/4 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
6 маусымдағы № 420/4
қаулысына 1-қосымша

“Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тұрғын үй қорында, коммуналдық меншікті басқаруда мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Pecпубликасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплосервис-Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы" Ақсу су арнасы " коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ақсусервис"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4) "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "АҚСУ -ЖЫЛУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 02.05.2023 № 355/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімi” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі,72/1,

      10. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі”.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы - “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение “Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері.

      16. Mақсаттары:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жеке және заңды тұлғаларға сапалы және уақытында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің жүйесін ұйымдастыру;

      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      17. Өкілеттіктер:

      1. Құқықтары:

      1.1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігін, тасымалдауды қолдану және дамыту саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      1.2) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      1.3) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, аймақтың ұқсас мемлекеттік органдарымен жұмыс тәжірибесімен алмасуға, "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      1.4) мемлекеттік органдарда, сотта" Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі " мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

      1.5) Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      1.6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2. Міндеттері:

      2.1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес елді мекендердің көшелерін, аудандық маңызы бар жалпықолданыстағы автомобиль жолдарын қайта жанғырту, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      2.2) аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының желісін, елді мекендердің көшелерін баскарады;

      2.3) қаланың коммуналдық меншігінде тұрған жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;

      2.4) жылу желілерінде (магистральдық,аулаішілік) технологиялық ақаулықтарға тексepic жүргізеді;

      2.5) жылу желілерін (магистральдық,аулаішілік) жоспарлы жөндеуге келісім береді;

      2.6) энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша қалалық деңгейде ic-шаралар жүргізеді;

      2.7) энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзіреті шегінде іске асырады;

      2.8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың энергетикалық стандарттарға сәйкестігін бақылайды, сондай-ақ энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалануды есепке ала отырып, саябақтар мен көшелерді жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

      2.9) халық қолданысында болған сынаптан жасалған энергияны үнемдеу шамдарын жоюды ұйымдастырады;

      2.10) жолаушыларды және жүкті қалалық (ауылдық), қала сыртындағы және ауданішілік тұрақты автомобильдік тасымалдау маршруттарының тізімін жүргізеді;

      2.11) қалалық (ауылдық), қала сыртындағы қатынастарды әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауды іске асыруда тасымалдаушылар шығындарын қаражаттандыруын іске асырады;

      2.12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, азаматтардың тегін және жеңілдікпен жол жүру бойынша шығындарын өтеуін іске асырады;

      2.13) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді;

      2.14) коммуналдық қалдықтардың пайда болу нормаларын және жиынтығын қала мәслихатының бекітуіне дайындайды және ұсынады;

      2.15) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға, шығаруға, көмуге және пайдаға жаратуға тарифтерді қала мәслихатының бекітуіне дайындайды және ұсынады;

      2.16) коммуналдық қалдықтармен жұмыс саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2.17) қаланың коммуналдық меншігінде тұрған сумен жабдықтау объектілерін, тазалау, дренаждық жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін қайта жаңғыртуды жүргізеді;

      2.18) қаланың елді мекендерін санитарлық тазарту саласында жұмыс жүргізеді;

      2.19) жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туысқандары жоқ адамдарды жерлеуді қамтамасыз етеді;

      2.20) қалалық елді мекендерде көшелерді жарықтандыру құралдарын ұстау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      2.21) “Е-лицензиялау” ақпараттық жүйесі арқылы жер жұмыстарына және жасыл екпелерді бұзуға (тасымалдауға)рұқсат беру;

      2.22) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;

      2.23) мемлекеттік тұрғын үй қорының құрамына кіретін қызметтік тұрғын үйді бөлу және беру;

      2.24) қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру (жергілікті атқарушы органдар үшін) сұрағын қарастыру;

      2.25) қызметтік тұрғын үйді жекешелендірген кезде оның құнын төлеуге шот ұсыну (жергілікті атқарушы органдар үшін);

      18. Функциялары:

      1) Қала және өзге де елді мекендердің көшелеріндегі аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын, көшелерін қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды жүргізген кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа электр қуаты 5 МВт немесе одан төмен, 5МВт-тан жоғары немесе 100 Гкал/сағат және одан жоғары жылу сыйымдылығы орнатылған, сондай-ақ 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеуімен электр желілері өз балансында тұрған электр қуаты бар энергияны өндіретін және энергия тарататын ұйымдарға дайындық паспорттарын береді;

      3) Жолаушыларды және жүкті қалалық (ауылдық),қала сыртындағы тұрақты тасымалдауын ұйымдастырады, олардың маршрутын бекітеді оларға қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекітеді;

      4) қалалық елді мекендерде көшелерді жарықтандыру құралдарын ұстау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      5) қаланың елді мекендерін сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және телефон байланысымен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өкілеттігі шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады;

3-тарау. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) қарамағындағы ұйымдардың басшыларының қатысуымен кеңесулер өткізеді;

      7) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қаматамасыз етеді;

      8) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін жеке жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.

      “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген,өзінің балансында тұрған мүлікті Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.

      23. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебіне сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту

      25. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы коммуналдық ұйымдардың тізбесі:

      1) "Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплосервис-Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы" Ақсу су арнасы " коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ақсусервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4) "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "АҚСУ -ЖЫЛУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 02.05.2023 № 355/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
6 маусымдағы № 420/4
қаулысына 2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 55/1 “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы” қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 304/4 “Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 55/1 “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулысы;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 217/б “Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 55/1 “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулысы;

      4) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 392/12 “Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 55/1 “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулысы;

      5) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 432/12 “Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 55/1 “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады