"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 478/6 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы ""Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" №1477/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз
қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 478/6 қаулысымен
бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Екібастұз қаласының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) заңнамаға сәйкес қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға, еңбек еркіндігі, әлеуметтік қорғауға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау;

      2) жұмысқа орналасу және кәсіби оқу мәселелері бойынша қажетті ақпарат және кеңес беру негізінде, еңбекке жарамды халықтың жұмыс немесе қызмет түрін таңдау қажеттілігін қанағаттандыру;

      3) жұмыссыздарға және жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралардың сапасын арттыруға, тізбесін кеңейтуге бағытталған жаңа прогрессивтік түрлерін және жұмыс әдістерін енгізу;

      4) халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына атаулы көмек көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      5) әлеуметтік көмектердің және жәрдемақылардың (халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек) дер кезінде және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз ету;

      6) халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне бірыңғай ақпараттық технологияны енгізу, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасау;

      7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыс жасайтын ведомстваға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын үйлестіру.

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқару

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;

      1-2) мемлекеттік мекемесінің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;

      1-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      2-3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

      2-4) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жауапты болу;

      2-5) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;

      2-6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу;

      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы

      бағдарламалық құжаттарды бағалау және мониторингтеу;

      4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      7) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) ҰОС мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларына, мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар балалар, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қайырымдылық акциясын өткізу жолымен әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындардың қайырымдылық және демеушілік көмектерін үйлестіру;

      9) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және халықтың басқа әлеуметтік-қорғалған топтарына мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыдан әлеуметтік көмекті есепке алу;

      10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін ұсыну;

      11) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

      12) мүгедектігі бар адам оңалту бойынша іс-шараларды іске асыру;

      13) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын іске асыру;

      14) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;

      15) әлеуметтік және еңбек қатынастары аясындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстарды іске асыру, сонымен қатар өз құзіреті шегінде әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

      16) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесін қарастыратын бірлескен жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының, атқарушы билік органдары өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиясының және жұмыс тобының жұмысына қатысу;

      17) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағыныштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу;

      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік ережелер негізінде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын әзірлеу.

      21) Бюджеттік қаражаттар есебінен тұрғын үй сертификаттарын ұсыну;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 22.11.2023 № 982/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      21. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауап береді;

      4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

      5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;

      7) мемлекеттік мекеменің секторлары, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      8) сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сонымен қатар сотта мемлекеттік мекеменің атынан шығады.

      9) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;

      10) мемлекеттік мекемемен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. Мемлекеттік мекемеде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 22.11.2023 № 982/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1) Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің "Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Алып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 22.11.2023 № 982/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) "Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады