"Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 159/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы Үлгі ережені бекіту туралы" № 294 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы И.В. Дорофеевке жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "13" маусымдағы
№ 159/3 қаулысымен
бекітілген

"Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Тереңкөл ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар.

      6. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штат санының лимитін Тереңкөл ауданының әкімдігі бекітеді.

      7. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы - "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима Теренкольского сельского округа района Тереңкөл".

      Әкім аппаратының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Ңлгин көшесі, 88 А.

      8. Әкім аппаратының жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      9. Әкім аппаратын Тереңкөл ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

      10. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      11. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      12. Әкім аппаратының құралтайшысы "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      13. Әкім аппараты қызметінің мақсаты ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      14. Әкім аппараты қызметінің мәні Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде әкімнің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету және тиісті аумақты дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету болып табылады.

      15. Міндеттері:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      16. Функциялары:

      1) Өз құзіреті шегінде әкім аппараты:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдық округ бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін ұсынады;

      ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығын дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

      сенімгерлікпен басқарушының ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиынымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      Тереңкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.

      17. Өз құзіреті шегінде әкім аппараты:

      аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына ауылдық округтің негізгі даму бағыттары, өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.

      18. Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      3. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. Әкімнің аппаратын басқаруды, әкім аппаратына жүктелген міндетттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық әкім жүзеге асырады.

      20. Ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланады, қызметінен босатылады немесе өз өкілеттігін тоқтатады.

      21. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микронесие беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген, ауылдық округ аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы;

      өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

      23. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      24. Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

      26. Әкім аппараты мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. Әкім аппараты мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. Әкім аппараты мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      4. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      30. Әкімнің аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше белгіленбеген жағдайда, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

      5. "Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      32. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      33. Әкімнің аппараты таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады