"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 145/7 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-быбы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітілсін.

      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 01 шілдедегі
№ 145/7 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 04.04.2024 № 84/4 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Егер ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, бөлімнің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар".

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды".

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі".

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30.

      10. Бөлім қызметінің жұмыс режимі: жұмыс күндері дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      12. Бөлімнің құрылтайшысы Успен ауданының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып.

      14. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады".

      15. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" КММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Бөлімнің мақсаты ауданның кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің, ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған қаржылық, кредиттік, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      17. Бөлім қызметінің мәні Успен ауданының аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерінде аудандық деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      19. Өкілеттіліктері:

      Құқықтар:

      1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округ әкімдері аппараттарынан белгіленген тәртіпте жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат алуға;

      2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға құқылы;

      3) аудан әкімдігіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) істерді зерделеу және әдістемелік көмек көрсету үшін басқа бөлімдердің мамандарын тарту;

      5) Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) сот органдарында "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру.

      Міндеттер:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;

      3) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      20. Функциялар:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;

      2) жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен орындалуына жауапты болу және қамтамасыз ету;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      5) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      7) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

      8) жергілікті деңгейде Жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      9) баға мониторингі жүйесін ұйымдастыру;

      10) ауданның кәсіпкерлікті дамытудың жалпы стратегиясы шеңберінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      11) тұтыну нарығының сыйымдылығын, баға және тауар конъюнктурасын талдауды, бағалауды және болжауды жүргізу, бөлшек сауда бағаларын ұстауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      13) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      15) Бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

      16) аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;

      17) кәсіпкерлік және өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру;

      18) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;

      19) тиісті аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      20) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      21) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

      22) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;

      23) әртүрлі меншік нысандары мен ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізу түрлерінің жұмыс істеуі жағдайында жедел және статистикалық есептілікті ұйымдастыру;

      24) ауыл шаруашылығы өндірісіне тракторларға, комбайндарға, автомобильдерге, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы машиналарына, отынға және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілік болжамын әзірлеу;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      26) бөлімнің қажеттілігі үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және конкурстарды ұйымдастыру;

      27) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      28) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      29) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

      30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған мемлекеттік қызметтерді көрсету.

      31) Аудан аумағында ветеринария саласындағы мәселелерді үйлестіру.

3-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      21. Бөлімнің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады".

      23. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады".

      24. Бөлім бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне бөлімнің Ережесін және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады;

      2) заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) бөлімнің барлық қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;

      7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүддесін қорғайды;

      8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлімнің мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      9) бөлім қызметкерлерін іссапарларға жібереді;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      11) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      14) бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды".

      26. Бөлімді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы немесе бөлімнің лауазымды адамы басқарады".

      27. Бөлім мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. Бөлім мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. Бөлім әкімшілігінің еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. Бөлімнің "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады".

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ".

5-тарау. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      33. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Бөлім жойылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады