Жер теліміне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 92 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Зерновая, Әуелбеков, Комсомольская көшесі мекенжайы бойынша орналасқан № 1-3 ЖТҚС-нан толық трансформаторлық қосалқы станциядан ӘЖ-0,4 кВ әуе желісіне қызметін көрсету үшін жалпы алаңы 0,07 га жер теліміне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі
А. Букпин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады