"Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 70 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Аудан әкімдгінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 4 "Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Қызылқоға аудан әкімдігінің
2022 жылғы "4" мамыр № 70
қаулысына қосымша

"Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту, спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      2)"Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Арман мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

      4. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтпаев көшесі, №2/1. Индекс 060500.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      11. Осы ереже "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      Мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді, халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға үнемі баулап, жоғары дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін дайындайды.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерімен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрату, мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құру;

      - тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне Мекеме қызметі саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысу;

      - Мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін тыңдаумен алқа мәжілістерін өткізу, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беру;

      - спорт жарыстары мен жиындарын өткізу ережелерін бекіту;

      - кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту және үйлестіруге олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, семинарларды және тағы басқа оқыту нысандары арқылы дене тәрбиесі және спорт мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;

      - Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) Міндеттері:

      - ауданда мәдениет, тілдерді, дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты асыру;

      - мәдениет, дене тәрбиесі және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын құру мен нығайту, олардың инфрақұрамын дамыту;

      - мүдделі ведомствалармен және мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі саласындағы мекемелермен бірлесіп іс-шараларды ұйымдастырып өткізу.

      15. Функциялары:

      1) жергілікті жерде мәдени, дене тәрбиесі-спорт бірлестік жұмыстарына қолдау көрсету;

      2) аудандағы кітапханалар жұмыстарын ұйымдастыру;

      3) өнер адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      4) ескерткіштерді қорғауда кәсіпорын, мекемелердің қамқорлыққа алуларын ұйымдастыруға ықпал ету;

      5) мәдени-тарихи орталықтарды, студияларды құру, қамтамасыз ету, жұмыстарының жүруін қадағалау;

      6) мәдени әлеуметтік шаралардың дамуын жүзеге асырау;

      7) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және тіл туралы заңнамалардың меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын тексеру және бақылауды жүзеге асыру;

      8) аудан көлеміндегі халық қолданатын тілдерді дамыту және мемлекеттік тілді қолданудың ауқымды жергілікті бағдарламаларын талдап, оларды жүзеге асыру;

      9) жергілікті атқарушы органдармен тіл саясаты жөнінде нәсілдік қарым-қатынас және Мекеменің құзіретіне кіретін басқа да мәселелерді бірлесе шешу;

      10) тіл саясаты жөнінде мониторингін жүзеге асыру, бөлімнің құзіретіне қатысты консультативтік түсінік жұмыстарын жүргізу;

      11) Мекеменің құзырына жататын методикалық, аппаратты-аналитикалық құжаттарды айқындау және оларды іс жүзінде жүзеге асыру шараларын қабылдау;

      12) қоғамдық ұйымдармен тіл жөніндегі қатынасты нығайту, олардың жүзеге асуына араласу;

      13) мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу, тілдерді дамыту мен қолдану шараларының жүзеге асуына меншік түріне қарамастан мекеме қәсіпорындарға, мемлекеттік органдарға жәрдем ету;

      14) мемлекеттік тілді қолдану және дамыту тәжірибесі жөнінде мемлекеттік басқару органдарына ұсыныс беру және тұжырымдау;

      15) мәдени-танымдылық, қоғами-пайдалы тілдерді дамыту және насихаттау шараларын дайындауда өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп атқару;

      16) тіл саясаты жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

      17) тіл туралы заңнамаларының орындалуын, тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік жоспары туралы және басқа да бөлім іс-қимылдары туралы ашық жұмыс жасап халықты бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы тұрақты хабардар ету;

      18) тарихи-мәдени мұраны және пайдалану туралы заңдылығын сақталуын қамтамасыз ету;

      19) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісе отырып, ескерткіштер болып табылатын мемлекет меншігіндегі үйлер мен ғимараттарды пайдалануға ұсыну;

      20) дене тәрбиесі мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысу;

      21) аудан аумағында спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;

      22) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командалары және олардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға шығуын дайындау;

      23) аудан аумағында бұқаралық спорт пен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

      24) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі;

      25) аудандық бұқаралық спорт шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;

      26) аудан аумағында спорттық шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;

      27) талдама деректер, соның ішінде дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі деректерді дайындау;

      28) дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың дайындалуын іске асыру;

      29) спорт ұйымдарына әдістемелік және ұйымдастыруға басшылық жасау;

      30) мүдделі ведомстволар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жұмыстарын жүргізу, олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, спорттық клубтар мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіру;

      31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сала қызметкерлерінің мүддесін білдіру;

      32) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүзеге асыру;

      33) тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындап, сараптама жүргізу;

      34) аудан бюджетінен бөлінген қаржыдан белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің аудандық фондын қалыптастыру;

      35) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      16. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімнің жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігіне:

      - "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      - "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      -жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      -қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      -Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      -"Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      -барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;

      -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      -Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      -Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      -өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      19. Бөлімнің басшысы бөлім мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

      20. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      21. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      23. Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады