"Атырау облысы Құрманғазы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 214 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 27.06.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы

      ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Хасанова

  Құрманғазы аудан әкімдігінің
2022 жылғы "30" мамырдағы
№ 214 қаулысымен бекітілген
қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі бөлімі) - Құрманғазы ауданының тұрғындары арасында салауатты өмірді насихаттап, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 006400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Абай көшесі үй 4.

      10. Осы ереже бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысыннан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленсе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында басшылықты жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

      2) Міндеттері:

      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

      Қазақстан Республикасының спорттық тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      аудан аумағында аудандық дене шынықтыру – спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай аудан аумағындағы күнтiзбесін iске асырады;

      аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасары болмайды.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады; қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлікі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады