Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусымдағы № 423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 25 шілдедегі № 520 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусымдағы "Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 423 қаулысымен бекітілген қосымша Ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 15.08.2022 № 558 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      17 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      17. Орталықтың басшысын (директорын) – аудан әкімінің келісімімен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметке тағайындайды және босатады;

      18 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      18. Орталық басшысының Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Қадырбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады