Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 44/5-VIII шешімі

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1235 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспе сөзі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабы 8-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов

  Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 44/5-VIII шешіміне
қосымша
  Астана қаласы мәслихатының
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 395/52-VI шешіміне
қосымша

Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары

      1. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с

Отын түрі

Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Этилденбеген бензин

0,66

2.

Дизель отыны

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ

0,35

4.

Керосин

0,48

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабының 2, 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес төлемақы ставкалары өзгеріссіз қабылдансын.

      ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады