Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округі Аралтоғай ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 17 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуіріндегі № 2 қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округінің Аралтоғай ауылындағы "Абай Құнанбаев" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аралтоғай ауылдық округінің әкімі С. Дүйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады