"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 810 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 535/НҚ бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2024 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:

      - "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";

      - "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";

      - "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";

      - "Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау;

      - "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру";

      - "Сот сарапшысының біліктілігін беру".";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кәсіптік қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу ("Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау") және біліктілік беру ("Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларының бір түрін өндіру құқығына біліктілік беріу", "Сот сарапшысы құқығына біліктілік беру") жөніндегі мемлекеттік қызметтерін "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде көрсету процесін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттеріне портал арқылы осы Тәртіптің 7-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.";

      9-тармақтың қазақ тіліндегі редакциясы өзгеріссіз қалдырылсын;

      11-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (адвокаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 10, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10; нотариаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Жер кодексі – 15, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 10, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 15; жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша – 100 сұрақ: "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 45, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi – 10, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі – 5).";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Көрсетілетін қызметті беруші компьютерлік тестілеу процесінде не практикалық тапсырмаларда (көрсетілетін қызметті алушыға тәуелді емес) техникалық ақаулар және/немесе қателер анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Тестілеу операторының атына дәлелді хат жолдау арқылы аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одан да көп жинауға мүмкіндік беретін дұрыс белгіленген жауаптарында қателердің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) негіз болып табылады.

      Практикалық тапсырмаларда қателер (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушы екінші кезеңге қайта жіберіледі.";

      Тәртіптің 2 - тарауының 2 - параграфы алып тасталсын;

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуді тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті берушіге осы тәртіптің 6-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №335 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) Сот сарапшысының біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес электрондық құжат нысанында біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне толықтыруды алу үшін құжаттарды жібереді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) жұмыс күні бұрын тестілеуді өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы "жеке кабинетке" хабардар етіледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Аттестаттауды көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген күннен бастап 10 жұмыс (он) күні ішінде жүргізеді.";

      86- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады, олардың біреуі тестілеу аяқталғаннан кейін танысу және жеке қол қойылған нәтижелерімен танысу фактісінің көрсетілуі үшін кандидатқа ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өту/өтпеу туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:

      "86-1. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуге келмеген жағдайда аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі. Аттестаттау нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті берушіні тестілеу өткізілген күні көрсетілетін қызметті алушының келмегені туралы хабардар етеді.

      Дәлелді себептермен (ауру, жақын туыстарының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күштің жағдаяттары) аттестаттауға келмеген адам өтінішті және растайтын құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші белгілеген басқа күні тестілеуден өтуі мүмкін. Бұл ретте тестілеуді бір реттен асырмай ауыстыру жүзеге асырылады.";

      4-қосымша алып тасталсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес 6 және 7 - қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________Б. Мусин
Қазақстан РеспубликасыӘділет министрі__________А. Ескараев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 535/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 810
бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің кәсіби
қызметпен айналысу құқығына
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу
және біліктілік беру жөніндегі
мемлекеттік қызметтерін
автоматтандырылған режимде
көрсету бойынша пилоттық
жобасын іске асыру тәртібіне
6-қосымша
  Өтініш нысаны
"Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сараптамалары орталығы"
Республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны

Өтініш

      Сізден, мені келесі сарапшылық мамандықтар: _________________________________________ бойынша сот сарапшысының біліктілігін беру үшін тестілеу тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      3. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)

      Өтініш беру күні

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 535/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 810
бірлескен бұйрығына
2 қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің кәсіби
қызметпен айналысу құқығына
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу және
біліктілік беру жөніндегі
мемлекеттік қызметтерін
автоматтандырылған режимде
көрсету бойынша пилоттық
жобасын іске асыру тәртібіне
7-қосымша
  Өтініш нысаны
Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және
астананың әділет
департаментіне

Өтініш

      Сізден, мені адвокаттық/нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге жіберулеріңізді сұраймын.

      Осымен: мен анық мәліметтерді ұсыну үшін жеке жауап беретінім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салмаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені расталады.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      3. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)

      Өтініш беру күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады