Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 240 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару;";

      13-тармақта:

      тапсырмаларда:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару;";

      15-тармақта:

      функцияларда:

      мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-1) мемлекеттік кірістер органдарының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды және орналастыруға жататын көрсетілген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді жүргізу тәртібін, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін әзірлеу;

      34-2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 29-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялау;";

      мынадай мазмұндағы 309-1) және 309-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "309-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      309-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай хабарламаларды жібіру шартында, қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы адамдардың жолдаған хабарламалары туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;";

      310) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "310) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кредиторлар жиналысы, сондай-ақ қаржы басқарушысы ұсынған кандидатураны оңалтушы немесе банкрот басқарушының тағайындауы;";

      мынадай мазмұндағы 310-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "310-1) қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламалары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген адамдар ішінен қаржы басқарушысын тағайындау тәртібін бекіту;";

      311) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "311) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімін интернет-ресурста орналастыру;";

      316) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "316) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына сыйақы төлеу туралы өтінішхат беру;";

      мынадай мазмұндағы 317-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "317-1) кредитордың арызы бойынша борышкерді әдейі банкроттық тұрғысынан тексеру жүргізу "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;";

      322) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "322) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер мен және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 329-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "329-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкер мен кредиторға қаржы басқарушысының осындай тізілімнен алып тасталғаны туралы және жаңа қаржы басқарушысының тағайындалуы туралы ақпарат жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 331-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "331-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқалы банкроттығы рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      332) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "332) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкроттың (борышкердің) мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін және ұйымдастырушыны әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 339-1), 339-2), 339-3), 339-4), 339-5), 339-6), 339-7) және 339-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызының нысанын әзірлеу;

      339-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім нысанын әзірлеу;

      339-3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қаржы басқарушысы қорытындысының нысанын әзірлеу;

      339-4) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысының нысанын әзірлеу;

      339-5) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқалы банкроттығы рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысанын әзірлеу;

      339-6) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын әзірлеу;

      339-7) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын әзірлеу;

      339-8) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;";

      342), 343) және 344) тармақшаларымен мынадай редакцияда жазылсын:

      "342) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша, банкроттық және қаржы басқарушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;";

      343) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкерлер туралы сұрау салуды жүзеге асыру және ақпарат алу;";

      344) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 344-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "344-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты беру;";

      мынадай мазмұндағы 348-1) және 348-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "348-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста орналастыру:

      өздеріне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

      өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;

      төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқалы банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды орналастыру;

      348-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Электрондық үкімет" веб-порталында орналастыру:

      өздеріне қатысты сот арқалы банкроттығы рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

      өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;

      соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы хабарландыруды;

      соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыруды орналастыру;";

      мынадай мазмұндағы 350-1), 350-2), 350-3) және 350-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "350-1) соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу;

      350-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасын Заңының 35-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін тоқтату туралы сотқа өтінішхат жолдау;

      353-3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс және сот арқылы банкроттығы рәсімі кезінде, сондай-ақ борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл ішінде борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;

      353-4) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг нәтижелерін жіберу;";

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Жанәлінов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады