Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 19-84 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 - бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТ

      1. Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

  Ақсу ауданының мәслихатының 2023 жылғы "13"желтоқсан № 19-84 шешіміне қосымша

Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

№ р/с

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны, теңге

1.

Жайлы үйлер

Айына 1 тұрғыннан

150,0

2.

Жайлы емес үйлер

Айына 1 тұрғыннан

150,0

3.

Бірлікке жылдық тариф (көлем)

1м3

1244,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады