БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Қ. Шарлапаев |
Бұйрығымен бекітілді |
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) жылумен жабдықтау саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа), жылумен жабдықтау саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құрады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шараларды өткізеді;
7) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
8) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен түсіндірмелер береді;
11) Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
12) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді;
14) белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;
15) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;
3) Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;
4) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;
5) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
6) өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
7) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнаманың нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
9) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялардың және аттестаттардың тізілімін жүргізу;
11) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
12) жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;
13) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;
14) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;
15) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу;
19) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;
21) жобалау саласында қолданыстағы жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстарды енгізу;
22) құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
23) үлгілік жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
24) өз құзыреті шеңберінде жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау, келісу және бекітуге дайындау;
25) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;
26) ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
27) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;
28) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
29) құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;
30) сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайын, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағаларды мониторингілеу және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;
31) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
32) құрылыстағы жаңа технологиялардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту;
33) жұмыс жүргізу технологияларының тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
34) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
35) құрылыс материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының ағымдағы бағаларын мониторингілеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңарту;
36) технологиялық карталарды әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
37) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
38) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуін бақылау;
39) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;
40) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу қағидаларын әзірлеу;
41) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу;
42) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың іске асырылуын жүзеге асыру;
44)ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау;
45) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында орындалған, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
46) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;
47) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
48) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
49) құрылыс конструкцияларының, бұйымдарының және құрылыс материалдарының тізбесін қалыптастыру және жүргізу.
50) салалық бағыт бойынша кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құрамын қалыптастыру (құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) және олардың қызметін үйлестіру;
51) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру;
52) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру, бекіту;
53) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар дайындау;
54) салалық бағыттағы (құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық)реттелетін және реттелмейтін кәсіптер тізіліміне ұсыныстар дайындау
55) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
56) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
57) тұрғын үй мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;
58) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
59) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жинау;
60) салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
61) елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтардан мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында әдістемелік қамтамасыз ету;
62) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
63) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
64) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
65) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
66) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
67) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
68) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
69) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
70) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
71) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
72) есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
73) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
74) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн әзiрлеу және бекіту;
75) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
77) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекітеу;
78) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асыру;
79) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердегі қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;
80) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердегі қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
81) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
82) террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
83) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
84) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
85) кәріздік тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау, жаңғырту жобаларын іріктеу үшін әдістемелік қамтамасыз ету;
86) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
87) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;
88) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
89) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;
90) тұрғын үй және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
91) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын әзірлеу;
92) ұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлеу;
93) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындау;
94) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындау;
95) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу;
96) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оларды пайдалану тәртібін әзірлеу;
97) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастардың қоныстануына және оларды пайдалануға арналған қызметтік тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу;
98) қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлерді беру және оларды пайдалану қағидаларын әзірлеу;
99) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;
100) кондоминиум объектісін басқару органы мен соңғы тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсететін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;
101) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу;
102) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
103) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
104) екінші деңгейдегі банктер халыққа берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асыру;
105) Екінші деңгейдегі банктер халыққа берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы өтеу үшін субсидиялар беру қағидаларын, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын әзірлейді және оларды квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы бюджеттік жоспарлау;
106) ортақ пайдаланылатын мүліктің жекелеген түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын бекіту;
107) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.
Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитет басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Комитеттін жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Төрағаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
4) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болу;
5) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылау;
6) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастыру;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босату;
8) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешу;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешу;
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсыну;
11) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
12) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Комитеттің төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Комитетің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" ("Мемсараптама" РМК);
2. "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы;
4. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.
бұйрығына | |
қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 221 бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 183 бұйрығының Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы бұйрығы.