Қусақ ауылдық округінің Қошқар аулындағы жеке аулаларға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 3 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округінің әкімінің 26.10.2023 № 04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35,37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министірінің 2015 жылдың 9 ақпанындағы № 7-1/ 86 –шы бұйрығына және ҚР АШМ ВБҚК- нің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылдың 12 шілдесі күнгі № 13-4-4/153 ұсынысына сәйкес Қусақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар аулының төмендегі тізім бойынша жеке аулаларына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      1) Жақыпбекова Алмагүл Қордабайқызы Сарыарқа көшесі 1 үй

      2) Балапанов Оналбек Есимбекулы Жеңіс көшесі 32 үй

      3) Мәдиев Оңал Оралұлы Бейбітшілік көшесі 11/2 үй

      4) Бейс Нурбек Мекенулы Бейбітшілік көшесі 5 үй

      5) Сейлхан Кабира Жумаханкызы Наурыз көшесі 7 үй

      6) Шалхарбаев Сабырхан Тлеукабылович Мәдениет көшесі 12 үй

      7) Турсынбаев Ауез Науханбекулы Наурыз көшесі 20 үй

      8) Мұқашов Нұрлан Қабылбекұлы Жеңіс көшесі 4 үй

      2. Ветеринариялық- санитариялық сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын басшылық жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім міндетін уақытша атқарушы Н.Ж.Рахимжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады