Тасарық ауылдық округі, Лақалы ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лақалы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Тасарық ауылдық округі Лақалы ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшесіне Сәрсенбай Жамбылов көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшесіне Өтепәлі Меденеев көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшесіне Шәки Мәмбетов көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасарық ауылдық округінің әкімі А.Карибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады