Кейбір бөлімдердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 13 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңа редакцияда бекітілсін:

      1) осы қаулының № 1-қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

      2) осы қаулының № 2-қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

      3) осы қаулының № 3-қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

      4) осы қаулының № 4-қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.

      2. Мыналардың:

      "Аудан әкімі аппараты мен бөлімдердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 422 қаулысының;

      "Аудан әкімі аппараты мен бөлімдердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 488 қаулысының 1-тармағының 3), 4), 7), 8) тармақшаларының және сәйкесінше № 3, № 4, № 7, № 8 қосымшаларының;

      "Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қазандағы "Аудан әкімі аппараты мен кейбір бөлімдердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы" № 488 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 832 қаулысының күші жойылсын.

      3. Барлық тиісті бөлім басшылары осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкім М. Тлеумбетов

  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2023 жылғы "10" қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
№1 қосымша

"Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі) стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, Жаңақорған ауданының коммуналдық меншігін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №44.

      "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

      10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген мемлекеттік жоспарлаудың тиімді және бір тұтас жүйесін қалыптастыру үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызмет атқару.

      Инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсіптік, аймақтық, сауда және әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

      Аудан бюджетiнiң атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншiгiн басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

      2) Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;

      3) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;

      4) аудандық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;

      5) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;

      6) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;

      7) аудан бюджетінің жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды, бюджет комиссиясының қарауына енгізеді

      8) ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді

      9) аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығыстарының лимиттерін айқындайды

      10) Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарайды, қорытындылар қалыптастырады, аудандық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді

      11) Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытынды дайындайды, инвестициялық жобаларды іріктеуді, тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады

      12) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;

      13) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды жүзеге асырады;

      14) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттік атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

      15) міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, аудандық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;

      17) бюджет ақшасын басқарады;

      18) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;

      19) аудандық бюджет комиссиясының аудандық мәслихаттың аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұрады;

      20) аудандық жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы аудандық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;

      21) бюджеттік мониторингті бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырады;

      22) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, Қызылорда облысының әкімдігіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ, ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ескертпе-ақпарат жібереді;

      23) заңнамада белгіленген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасайды және бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органға оны ұсынады;

      24) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша аудан әкімдігіне, аудандық тексеру комиссиясына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

      ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді ұсынады;

      25) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудан әкімдігіне, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

      26) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және оларды аудан әкімдігінің қарауына ұсынады;

      27) ауданның, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмысын үйлестіреді;

      28) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын іске асырады;

      29) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      30) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

      31) мемлекеттік органдарға жатпайтын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      32) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарайды және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында көзделген жағдайларда келіседі;

      33) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

      34) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      35) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тәркіленген, иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;

      36) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін аудандық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді;

      37) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;

      аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін ауданның жергілікті атқарушы органының және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;

      аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөнінде;

      аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөнінде;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендерін кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлікті ауданның жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру жөнінде шешім қабылдайды;

      38) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

      39) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      40) аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      41) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      42) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

      43) коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындайды

      44) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру, мүліктік жалдауға (жалға алуға), облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері жөніндегі комиссияларды құрады;

      45) жалға берушінің, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асырады;

      46) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      47) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;

      48) аудандық коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;

      2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;

      3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі жоқ.

  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2023 жылғы "10" қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша

"Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі) Жаңақорған ауданындағы мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің ведомстволары бар.

      3. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №4.

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

      10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, спорттық қозғалысты, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау және халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

      2) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі таратуды жүзеге асырады;

      3) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шараларды жүргізеді;

      4) театр, музыка және кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға ұсыныстар келтіреді, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      7) бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      8) өз құзыреті шегінде мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      9) бағынысты мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      10) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      11) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      12) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 156, 409, 488-1 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдайды;

      13) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      14) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдайды;

      15) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту бағытында шаралар қабылдайды;

      16) аудандағы дене шынықтыру мен спортты қолдау мен ынталандыруды жүзеге асырады;

      17) спорт түрлерінен президенттік тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды және бақылауды жүзеге асырады;

      18) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;

      19) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлайды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      21) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      22) спортшыларға келесі 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы. 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      23) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      24) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізуді үйлестіреді;

      26) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерцияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      27) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      28) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      29) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      19. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;

      2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;

      3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      "Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2023 жылғы "10" қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша

"Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің ведомствосы жоқ.

      3. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №44.

      "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

      10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Агроөнеркәсіптік кешені салаларының бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу, агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру.

      Ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

      2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;

      3) ауылдық аумақтарды дамытуды, егіншілік, тұқым шаруашылығын реттеуді жүзеге асырады;

      4) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 202, 204-3, 204-4, 250, 401, 402, 405 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдайды;

      5) жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды жүргізуді ұйымдастырады;

      6) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

      7) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізеді;

      8) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны облыстық жергiлiктi атқарушы органға ұсынады;

      9) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және облыстық жергiлiктi атқарушы органдарға есептілігін ұсынады;

      10) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізеді;

      11) Агроөнеркәсіп кешеніндегі "малшылар слеті" мен "Алтын күз" мерекелерін ұймдастырады;

      12) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      13) иесі жоқ жер учаскелерін анықтайды және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      14) ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындайды;

      15) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі ауданның атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;

      16) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      17) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;

      18) жайылымдықтардың игерілу жағдайы мен кент, ауылдық округ әкімдерімен Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын бақылайды және үйлестіреді;

      19) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастырады және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітеді;

      20) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      21) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      22) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастырады;

      23) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемалар сараптамасын жүргізеді;

      24) ауданның жер балансын жасайды;

      25) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді;

      26) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын береді;

      27) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасады және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      28) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстарын дайындайды;

      29) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      30) пайдаланбай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтайды;

      31) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстар дайындайды;

      32) жер-кадастрлық жоспарды бекітеді;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      19. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;

      2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;

      3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі жоқ.

  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2023 жылғы "10" қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
№ 4 қосымша

"Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі) Жаңақорған ауданындағы қоғамдық даму саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің ведомствосы бар.

      3. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №33.

      "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

      10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" ҚР Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

      2) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөледі;

      3) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 75, 418, 455 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдайды;

      4) әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес қызметіне қатысады;

      5) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      6) аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

      7) үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      8) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын насихаттауды жүзеге асырады;

      10) мемлекеттік тіл саясатын іске асырады;

      11) аудан аумағында орналасқан объектілерді атау және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстардың заң талаптарына сай қаралуын үйлестіреді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      19. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;

      2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;

      3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады