Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 16 толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 4179,3378 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2023 жылғы 11 наурызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "23" қаңтардағы
  №11 қаулысына қосымша

"Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 1690,0 гектар жер учаскесі.

      2. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 51,605 гектар жер учаскесі.

      3. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 756,0 гектар жер учаскесі.

      4. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 182,0 гектар жер учаскесі.

      5. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 100,0 гектар жер учаскесі.

      6. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 23,9 гектар жер учаскесі.

      7. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 131,0 гектар жер учаскесі.

      8. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 130,0 гектар жер учаскесі.

      9. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 1000,0 гектар жер учаскесі.

      10. Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 114,8328 гектар жер учаскесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады