Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 27 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін келісім-шарт негізінде берілетін бөлме-жайлар тізімі туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы № 285 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік саласына жауапты орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Елтизаров

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "24" ақпандағы
  № 27 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.11.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесу үшін үй -жайлар

Байланыс телефоны

1.

Форт-Шевченко қаласы

Түпқараған ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8(72938) 23 241

2.

Баутин ауылы

"Баутин ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының залы

8(72938) 24846

3.

Қызылөзен ауылы

Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8(72938) 23851

4.

Таушық ауылы

Таушық ауылы әкімі аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8(72938) 44232

5.

Ақшұқыр ауылы

Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8(72938) 23249

6.

Сайын Шапағатов ауылдық округі

Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі аппаратының "Сайын Шапағатов мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8(72938) 31256


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады