Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 2481 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 470, № 471, № 472, № 963, № 964, № 965, № 966, 2023 жылғы 10 қарашадағы № 973, № 974, № 975 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес су құбырын, өздігінен ағатын канализация коллекторын және канализацияны жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндеттерін атқарушы А. Исмагулов

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 2481 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) "Баймағамбетов көшесінен Карбышев көшесіне дейін Гвардейская көшесі бойынша су құбырының желісі" объектісі бойынша, ұзындығы 690,7 м, жалпы алаңы 0,6585 гектар;

      2) "Қостанай қаласындағы Базовая көшесіндегі Д-800 мм өздігінен ағатын канализация коллекторын реконструкциялау. Түзету" объектісі бойынша, жалпы алаңы 0,5158 гектар;

      3) "Быковский көшесіндегі КЖБИ 4-ші шағын ауданындағы су құбыры" объектісі бойынша, ұзындығы 500 м, жалпы алаңы 0,4834 гектар;

      4) "Ленин көшесінен 1 Май көшесі бойынша Революция алаңына дейін канализация коллекторы" объектісі бойынша, ұзындығы 810 м, жалпы алаңы 0,7933 гектар;

      5) "Комаров көшесіндегі сыртқы су құбыры" объектісі бойынша, ұзындығы 2154 м, жалпы алаңы 2,1473 гектар;

      6) "Фролов көшесіндегі канализация коллекторы" объектісі бойынша, ұзындығы 392 м, жалпы алаңы 0,2329 гектар;

      7) "№ 2 КСС-тен № 3 КСС-ке дейін канализация коллекторы" объектісі бойынша, ұзындығы 2672 м, жалпы алаңы 5,3230 гектар;

      8) Кочубей көшесі бойынша сыртқы су құбыры, 8 КЖБИ, жалпы алаңы 0,0670 гектар;

      9) Урицкий көшесі, 58, № 8 мектепке сыртқы су құбыры, жалпы алаңы 0,1900 гектар;

      10) Урицкий көшесі, 58, № 8 мектепке сыртқы канализация, жалпы алаңы 0,6840 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады