"Мыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2015 жылғы 20 ақпандағы № 4554-ТПИ мыс кендерін барлауға арналған келісімшарт негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі Жалтыркөл ауылының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде ауданы 170,3 гектар пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге "Мыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мыстау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Архангельск ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық округінің әкімі Ж. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады