"Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 2,6691 гектар жер учаскесіне "Қостанай облысы, Қамысты ауданының, Адаевка ауылында газ тарату желілерін салу" жобасы бойынша газ құбырын салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық акпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      2) Осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Адаевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Б. Космухамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады