"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 10 шешімі.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабының сәйкес Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы" 1 жыл мерзімге, жалпы ауданы 0,2320 гектар, Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан: Школьная көшесі - 0,2320 гектар талшықты-оптикалық желіні төсеу және пайдалану үшін "Қостанай облысы B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" объектісі бойынша байланыс.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімінің 27.02.2024 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Адаевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Б. Космухамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады