Белгілеу туралы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы құқық жер пайдалану (мемлекеттік сервитут) жер учаскесіне

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына байланыс тіректерін орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Заречное ауылы, Спортиная көшесі Юбилейная көшесінен Садовая көшесіне дейінгі шекараларда, ағайынды Радионовтар көшесі Юбилейная көшесінен бастап Садовая көшесіне дейінгі шекараларда орналасқан, оринтирлеу ауданы 1,288 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны әкімдік ауданының интернет-ресурсына орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заречный ауылдық округінің әкімі Н. Исмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады