Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің Башмачное ауылында көшені қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 10-р шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Башмачин ауылдық округінің Башмачное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде, Башмачин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Башмачин ауылдық округі Башмачное ауылындағы "Целинная" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Башмачин ауылдық округінің әкімі М. Мадагулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады