Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің Ямышево ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 1-03/7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Ямышев ауылдық округі Ямышево ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ямышев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ямышев ауылдық округінің Ямышево ауылындағы келесі көшелері:

      "Киров" көшесі "Григорий Потанин" көшесі;

      "Советов" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесі;

      "Молодежная" көшесі "Александр Затаевич" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі Б. Рахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады