"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына, және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 79-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі Ереже) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10-4 "Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжар аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М.Жүсіпбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2023 жылғы "30" наурыздағы № 8-5
  шешіміне қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 тарау. Жалпы ереже

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы ауданы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі 15.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:

      дүйсенбі - жұма сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2 тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Тапсырмалар:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының ұйымдастыру және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының ұйымдастыру қызметін қамтамасыз ету;

      3) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      4) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      6) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға ұсыныстар бағыттарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      15. Өкілеттіктер:

      1) құқылы:

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді және тұрақты (уақытша) комиссиялардың сессиялары мен отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттаманы сұратуға;

      депутаттар мен депутаттық топтардың сауалдарын уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жіберу;

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты сессиясының шешімдерінің орындалуын бақылау;

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімі мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру

      2) міндеттері:

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға жол бермеуге;

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға консультациялық – әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық – техникалық және өзге де көмек көрсетуге;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес жүзеге асырылатын қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;

      2) сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша депутаттарды шешімдер жобаларымен және басқа да материалдармен дайындау және қамтамасыз ету;

      3) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      4) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды аумақтық әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      6) атқарушы органдар басшыларының ақпаратын, есептерін жинау, талдау, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      7) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде енгізген ұсыныстары мен ескертулерінің есебін жүргізу және жинақтау, оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау және олардың орындалуын бақылау;

      8) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімдері мен басқа да құжаттарын тиісті органдар мен ұйымдарға таратуды қамтамасыз ету;

      9) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты сессиясының және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;

      10) бұқаралық ақпарат құралдарында, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының ресми веб-сайтында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;

      11) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарау мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

      12) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      13) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және оны іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізу;

      14) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, оларды ведомстволық мұрағатқа беру үшін дайындау;

      15) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      17. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне жалпы басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      18. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасын депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және мәслихат сессияда қызметінен босатады.

      19. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының орынбасарлары болмайды.

      20. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттігі:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатына сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты үнемі ұсынады;

      6) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      7) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      9) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының атынан өкілдік етеді;

      11) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады немесе алып тастайды;

      13) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы болмаған кезде мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттіктерін тұрақты комиссиялардың бірінің төрағасы немесе Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының депутаты уақытша жүзеге асырады.

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатынын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы басқарады.

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары жоқ.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта құру және жою және өзара қарым-қатынастар

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіннің қарамағында ұйым жоқ.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында аумақтық органдары жоқ.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында мемлекеттік мекемелер жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады