"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 219 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р. Аңбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2023 жылғы 29 қыркүйектегі
  № 219 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімде ведомстволар жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Егер бөлімге "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің орналасқан жері: индекс 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 11В.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Бөлімнің міндеттері:

      1) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      2) халықтың денсаулығын нығайту, бұқаралық және кәсіптік спортты танымал ету және балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға баулу үшін жағдайлар жасау.

      3) ауданда спорттық қызметті бақылауды жүзеге асыру;

      4) облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу;

      5) аудандық жарыстар мен турнирлер өткізу;

      6) өз құзыреті шегінде аудандық спорттық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздарын, спорт ұйымдары қызметкерлерін атақтар беру, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау туралы мәселелерді белгіленген тәртіппен шешу, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санат беру туралы өтініш жасау;

      7) аудандық дене шынықтыру және спорт жоспарын әзірлеу және іске асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      құқықтары:

      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан сұрау салуға;

      2) аудан әкімі шешімдерінің және әкімдік қаулыларының жобаларын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге қатысуға;

      3) дене шынықтыру және спорт мамандарымен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға;

      міндеттері:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      3) бөлімге жүктелген міндеттерді функцияларды орындау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      5) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      6) аудандық спорттық жарыстар мен жиындар өткізу.

      15. Функциялар:

      1) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстар өткізеді;

      2) спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларын даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

      3) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      5) спортшыларға спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;

      6) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты біліктілік деңгейі, спорт төрешісі;

      7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      8) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;

      10) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;

      11) ауылдық округ әкімдеріне, спорт саласындағы дене шынықтыру жаттықтырушы-оқытушыларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      12) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындайды, Бөлімнің қаржыландыру жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады; қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау; Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін және есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      13) өз құзыреті шегінде аудандық спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі.

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлім басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүдделерін білдіреді;

      2) дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына қызметке басшылық жасайды және дербес жауапты болады;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және босатады.

      5) бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      6) бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды;

      7) Бөлім атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, Бөлім атынан басқа қызметкерлерге бөлім мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттер жасауға өкілеттік береді;

      8) басшы тікелей бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапты болады;

      9) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады