"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 44 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі № 159 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады";

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А.Иманов көшесі, 78 А".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген мерзімде тіркеуші органда тіркеуді жүргізу

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі М.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады