Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 173 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Алмалы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы кейбір көшелерге атаулар берілсін:

      1) № 8 көшеге – Мұхамеджан Шонбасов көшесі;

      2) № 16 көшеге – Рахымжан Отарбаев көшесі;

      3) № 20 көшеге – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;

      4) № 14 көшеге – Есенияз Шытықов көшесі берілсін.

      2. Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы кейбір көшелерге атау берілсін:

      1) № 31 көшеге – Құмар Құбашев көшесі берілсін.

      3. Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің Алмалы және Береке ауылдарының бұрыннан қалыптасқан көше атауларына келісім берілсін:

      1) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Жастар" көшесі;

      2) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Бейбітшілік" көшесі;

      3) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Теңдік" көшесі;

      4) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Өзен жағасы" көшесі;

      5) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Атырау" көшесі;

      6) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Жас желек" көшесі;

      7) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Көгалды алаң" көшесі;

      8) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Сары дала" көшесі;

      9) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Жаңа құрылыс" көшесі;

      10) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Сандуғаш" көшесі;

      11) Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Бәйтерек" көшесі;

      12) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Әмір Сидағалиев" көшесі;

      13) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Ілияс Қыдырғожин" көшесі;

      14) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Қуаныш Түсіпқалиев" көшесі;

      15) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Сәбила Мұхитова" көшесі;

      16) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Құспан Нұрпейісов" көшесі;

      17) Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы "Зинел Тыныбеков" көшесі деген атауларға келісім берілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алмалы ауылдық
округі әкімі
Г. Аухадиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады