Қаратөбе ауыл округі Балдыберек елді мекенінде орналасқан 6,8 га жер рекреациялық (демалыс аймағы) мақсатқа арналған жер учаскелерінің пайдалану тәртібі мен режімі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 25/142-VII бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 20 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Жер Кодексінің" 14-1, 17 және 126 баптарына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қаратөбе ауыл округі Қаратөбе ауыл округі Балдыберек елді мекенінде орналасқан 6,8 га жер рекреациялық (демалыс аймағы) мақсатқа арналған жер учаскесіне инвестициялық жобада көзделген нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына үшжақтама түзілген келісімде (меморандум) көзделген міндеттемелер өз денгейінде орындау мақсатында:

      1.1 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 65 бабына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттемелер орындалсын.

      1.2. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 77 бабының 1 тармағына сәйкес жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салуға заңнама талаптарына жол бермеуге.

      1.3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 91 бабына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесін уақытша алып қоюға.

      1.4. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 93 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою.

      1.5. Рекреациялық (демалыс аймағы) мақсатқа арналған жер учаскелерінің режимі мен пайдалану тәртібі бекітілсін.

      Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараев
      Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Н.Қойбағаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады