"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 128 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";

      1-тармақта 2) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      ""Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі." алып тасталсын;

      бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады