Қарағанды облысы Абай ауданындағы кейбір ауылындарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 03 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 11.04.2024 № 04 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына, 2024 жылғы 3 сәуірдегі Абай ауданының төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 4 хаттамасына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданындағы Құлаайғыр ауылдық округінде, Дзержинский ауылдық округінің Қоянды ауылында, Самарка ауылдық округінде, Ильичевский ауылдық округінің Тасзаимка ауылында, Көксу ауылдық округінің Көксу ауылында, Дубовка ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Елеубекович Аскаров тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 28 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады