Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 533 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 111, № 112, № 113, № 114, № 115, № 116 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 4 сәуірдегі
  № 533 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесінің - Абай даңғылының шекараларында Гоголь көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,7011 гектар, Қостанай қаласында Баймағамбетов көшесінің - Абай даңғылының шекараларында Гоголь көшесі бойынша өздігінен ағатын коллекторды қайта жаңарту үшін;

      2) Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі - Пролетарская көшесі, 82 шекараларында Пролетарская көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5104 гектар, Қостанай қаласында Баймағамбетов көшесі - Пролетарская көшесі, 82 шекараларында Пролетарская көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін;

      3) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік - Победа көшелерінің шекараларында 1 Май көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,6108 гектар, Қостанай қаласында Тәуелсіздік - Победа көшелерінің шекараларында 1 Май көшесі бойынша Д-500 мм өздігінен ағатын канализация коллекторын қайта жаңарту үшін;

      4) Қостанай қаласы, Абай даңғылының - Гашек көшесінің шекараларында Ворошилов көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,9962 гектар, Қостанай қаласында Абай даңғылының - Гашек көшесінің шекараларында Ворошилов көшесі бойынша Д-500 мм өздігінен ағатын канализация коллекторын қайта жаңарту үшін;

      5) Қостанай қаласы, Арыстанов - Карбышев көшелерінің шекараларында Волынов көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5278 гектар, Қостанай қаласында Арыстанов - Карбышев көшелерінің шекараларында Волынов көшесі бойынша Д-400 мм су құбырын қайта жаңарту үшін;

      6) Қостанай қаласы, Волынов - Кочубей көшелерінің шекараларында Мирошниченко көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,8505 гектар, Қостанай қаласында Волынов - Кочубей көшелерінің шекараларында Мирошниченко көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады