Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Екібастұз қаласы прокуратурасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 2-13-24-01180 наразылығы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4 шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады