Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2015-2016 жылдарға арналған негізгі бағыттары туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 26 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың 7-бабын орындау үшін және Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 - 2016 жылдарға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

 
Беларусь Республикасынан

 
Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республик
асынан

Ресей
Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 26 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің
2015 – 2016 жылдарға арналған
Н Е Г І З Г І Б А Ғ Ы Т Т А Р Ы

I. Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметі туралы негізгі ережелер

      Осы құжат Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі тиісінше – негізгі бағыт, Одақ) Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың (бұдан әрі – Шарт) 7-бабын іске асыру шеңберінде, Шарттың 4-бабында көрсетілген Одақтың мақсаттарын ескере отырып, қалыптастырылды және Одақты халықаралық аренадағы сенімді, болжамды әріптес ретінде көрсетуге бағытталған.

      Халықаралық қызмет Одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграцияланатын бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты (бұдан әрі – халықаралық ынтымақтастық), сондай-ақ Одақтың олармен өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша дербес не Одақтың мүше мемлекеттерімен (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бірлесіп, халықаралық шарттар жасасуды қамтиды.

      Халықаралық ынтымақтастық Одақ органдарының ресми өкілдері мен лауазымды адамдарының, мүше мемлекеттер өкілдерінің үшінші мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен халықаралық интеграциялық бірлестіктердің ресми өкілдерімен байланысуын, халықаралық сипаттағы іс-шараларға, оның ішінде таныстырылымдарға, конференцияларға, семинарларға қатысуын қамтиды.

      Одақтың халықаралық қызметі (бұдан әрі – халықаралық қызмет) Одақ шеңберіндегі Шарттарда және халықаралық шарттарда айқындалған өкілеттіктер шегінде және салаларда жүзеге асырылады.

      Үшінші мемлекеттермен, Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастық және шарттар жасасу жөніндегі халықаралық қызмет мүше мемлекеттердің ортақ, өзара ашықтық, жауаптылық және мүдделер басымдығы қағидаттары негізінде, мүше мемлекеттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бар мүмкіндігінше ескеру кезінде жүзеге асырылады.

II. Халықаралық қызметтің 2015-2016 жылдарға арналған бағыты

      Одақ халықаралық қызметті 2015-2016 жылдарда жүзеге асыру кезінде мынадай бағыттар басым болып табылады:

      Ынтымақтастың ықтимал нысандары мен нақты бағыттарын анықтау, Одақ туралы оң түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ еуразиялық интеграциялық процестің мақсаттары мен міндеттерін, Одақ қабылдайтын актілердің мазмұнын түсіндіруді, әртүрлі халықаралық алаңдарда таныстырылымдар (конференциялар, форумдар, семинарлар) өткізілуін қоса алғанда, Одақ туралы ақпарат жеткізу мақсатында халықаралық әріптестермен (халықаралық ұйымдармен, үшінші мемлекеттердің үкіметтерімен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, бизнес қоғамдастықпен) өзара іс-қимыл;

      Одақпен ынтымақтастыққа мүдделілік танытатын үшінші мемлекеттердің үкіметтерімен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, Одақтың ресми өкілді органдарының үшінші мемлекеттердің, өңірлік интеграциялық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен ақпараттық іс-шаралар, келіссөздер өткізуі, Одақтың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуді қамтамасыз ететін өзара түсіністік туралы меморандумдар дайындау және қол қою, сондай-ақ ынтымақтастық немесе өзара түсіністік туралы бұрын қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыс жүргізу.

      Халықаралық қызмет озық тәжірибені енгізу және әкімшілік ету саласындағы практиканы жақындастыру мәселелері бойынша үшінші мемлекеттердің атқарушы билік органдарымен (кедендік, бәсекелестік, санитариялық, ветеринариялық, карантиндік және басқа да қызметтермен) өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады;

      Мүше мемлекеттердің орнықты дамуына жәрдемдесу, экономикаларды әртараптандыру, инновациялық даму, сауда мен инвестицияның көлемін арттыру және құрылымын жақсарту, интеграциялық процестерді ілгерілету, сондай-ақ халықаралық ауқымда тиімді және бәсекеге қабілетті ұйым ретінде Одақты одан әрі дамыту мақсатында Одақтың сауда-экономикалық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау. Бұл ретте Одақтың құқықтары мен мүдделерін іске асыру, халықаралық еңбек бөлісіне қатысудан қолайлы нәтижеге қол жеткізу үшін халықаралық әріптестермен ынтымақтастықтың диалогтық, әкімшілік құралдарын және өзге де нысандарын пайдалану маңызды міндет болып табылады.

      Халықаралық қызмет Одақта төрағалық етуші мүше мемлекеттің бастамаларын (сыртқы экономикалық қызмет саласында) іске асыруға да бағытталған.

III. 2015 – 2016 жылдарға арналған халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар


      2015 жылы орта мерзімді перспективаға арналған Одақтың негізгі әріптестермен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту тәсілдерін (бұдан әрі – тәсілдер) іске асыру басталады, ол Одақтың Еуропалық одақпен, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдерімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттермен, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттермен, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығымен (АСЕАН) және АСЕАН-ға мүше мемлекеттермен, Қытай Халық Республикасымен, Вьетнам Социалистік Республикасымен, Жаңа Зеландиямен, Үндістан Республикасымен, Индонезия Республикасымен, Оңтүстік-Африка Республикасымен, Израиль Мемлекетімен және Египет Араб Республикасымен, сондай-ақ Оңтүстікамерикалық ортақ нарық (МЕРКОСУР) (Аргентина Республикасы, Бразилия Федеративтік Республикасы, Венесуэла Боливариан Республикасы, Парагвай Республикасы, Уругвай Шығыс Республикасы), Тынық мұхит альянсы (ең алдымен Перу Республикасы және Чили Республикасы), Никарагуа Республикасы, Иран Ислам Республикасы, еркін сауда туралы Солтүстікамерикалық келісімге мүше елдер (НАФТА) және Африка елдері сияқты елдермен және интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимылдың негізі болмақ.

      Тәсілдерді 2015 – 2016 жылдары іске асырудың негізгі міндеттері қатарында Одақтың, мүше мемлекеттердің және Вьетнам Социалистік Республикасының арасында еркін сауда туралы келісімге қол қою, Үндістан Республикасымен, Израиль Мемлекетімен және Египет Араб Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы-орынсыздығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысты бірлескен зерттеу топтарының орындауы, сондай-ақ МЕРКОСУР-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу, АСЕАН Хатшылығымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасу жөніндегі консультацияны жандандыру атап көрсетіледі.

      2015 жылы Қытай Халық Республикасымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы келіссөздер басталады.

      Бір мезгілде үшінші елдермен және өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, оның ішінде:

      өздерінің құзыретіне кіретін әртүрлі мәселелер бойынша ТМД органдарымен және тең құқылық, өзара пайдалылық бір-бірін құрметтеу және мүдделерін ескеру негізінде ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіретін Одаққа мүше болып табылмайтын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен;

      еуропалық өңірде мамандандырылған ұйымдармен жұмыс істейтін Еуропалық одақпен (Еуропалық ынтымақтастықтың аккредитация жөніндегі Бас ассамблеясымен, Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен, Электротехникадағы стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен, Энергетика саласындағы реттеушілердің өзара іс-қимылы жөніндегі агенттікпен, Электр тарату желілері операторларының еуропалық қоғамдастығымен, Газ тасымалдау желілері операторларының еуропалық қоғамдастығымен, Еуропалық энергетика реттеушілер кеңесімен, Еуропалық фармакопия комиссиясымен, Дәрі-дәрмек заттары жөніндегі еуропалық агенттікпен, Қоршаған орта және энергетиканы реттеу жөніндегі агенттікпен, Еуропааралық салықтық әкімшілік ұйымымен, Европалық салықтық консультанттар конфедерациясымен және басқалармен) және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттермен, сондай-ақ Еуропалық одаққа кірмейтін еуропалық мемлекеттермен;

      Азия-Тынық мұхит өңіріндегі интеграциялық топтармен (Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) желісі бойынша: жұмысты жалғастыруды, экономикалық блок министрлерінің кездесуін, "Әйелдер және экономика" форумын, АТЭЫ-ның жұмыс органдарына қатысуды және басқаларды қоса алғанда);

      Азияның интеграциялық бірлестіктерімен, оның ішінде Орталықазиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастықпен және Азия елдерімен, қаржылық жағынан перспективалық әріптестермен және ірі орталықтармен, Гонконг арнайы әкімшілік ауданымен, сондай-ақ Иран Ислам Республикасымен, Корея Республикасымен, Моңғолиямен, Таиланд Корольдігімен, Жапониямен және басқалармен;

      соңғы онжылдықта экономикалық интеграция процесінің жанданғандығы байқалатын өңір ретінде Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл дамытылатын болады, Комиссия мен Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктер арасында диалогты қалыптандыру процесін құру мақсатында Комиссиясы мен Латынамерикандық интеграция қауымдастығы (ЛАИ) Бас хатшылығының, Тынық мұхит альянсының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар дайындау және жасасу, Кариб қоғамдастығымен (КАРИКОМ), Латын Америкасы мемлекеттері – Аргентина Республикасымен, Бразилия Федеративтік Республикасымен, Венесуэла Боливариан Республикасымен, Колумбия Республикасымен, Никарагуа Республикасымен, Перу Республикасымен, Уругвай Шығыс Республикасымен, Парагвай Республикасымен, Чили Республикасымен, Эквадор республикасымен және басқалармен өзара іс-қимыл орнату және қарышты даму;

      Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерімен (осы өңірдегі интеграциялық бірлестіктермен байланыс орнату туралы мәселені зерделеуді, Тунис Республикасымен, Сирия Араб Республикасымен ынтымақтастық орнатуды қоса алғанда. Одақтың осы өңірдегі сауда-экономикалық мүдделерін ілгерілету Сириядағы жағдайды тұрақтандырумен байланысты болады);

      Африкадағы интеграциялық бірлестіктер – Шығысафрикалық қоғамдастықпен, Шығысафрикалық кеден одағымен, Африканың Шығысын дамыту қоғамдастығымен (САДК), Африкалық одақпен (Кения Республикасымен және Нигерия Федеративтік Республикасымен өзара іс-қимылды қоса алғанда, Оңтүстік Африка Республикасымен өзара іс-қимылды жалғастыру) екіжақты өзара іс-қимыл дамытылатын болады.

      Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде:

      Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) және БҰҰ-ның арнаулы мекемелерімен;

      үкіметаралық халықаралық ұйымдармен (Дүниежүзілік кеден ұйымымен, Жануарлар саулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымымен, Өсімдік карантині және оны қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымымен, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен);

      басқа да халықаралық ұйымдармен (оның ішінде өңірлік), одақтармен және т. б., олардың салалық органдарымен және мекемелерімен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банкпен, Мемлекетаралық авиациялық комитетпен, Халықаралық автомобиль көлігі одағымен, Теміржол ынтымақтастығы ұйымымен, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен, Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен, Халықаралық электротехникалық комиссиямен, Халықаралық бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымымен, Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығымен, Жойылып кету қаупінде тұрған жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен, Еуростатпен, Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форуммен, Зертхананы аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйыммен, Халықаралық заңнамалық метрология ұйымымен, Медициналық бұйымдарды реттеудің халықаралық форумымен, Адамға арналған дәрі-дәрмек құралдарын тіркеудің техникалық талаптарын үйлестіру жөніндегі халықаралық конференциямен, Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетімен, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қауымдастығымен, Тауар белгілері жөніндегі халықаралық қауымдастықпен, Әлемдік энергетикалық кеңеспен, Энергетикалық Хартиямен, Газ экспорттаушы елдер форумымен (ГЭЕФ), Мұнай экспорттаушы елдер форумымен (ОПЕК), Әлемдік газ одағымен және Еуропа мен Азияның энергетикалық биржаларымен, Бәсекелестік туралы заңнама мен саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобымен, Халықаралық бәсекелестік желісімен, Кодекс Алиментариус Комиссиясымен, Өсімдік карантині және оны қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияның Хатшылығымен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өсімдік карантині жөніндегі үйлестіру кеңесімен, Еуропалық одақтың өсімдік саулығы жөніндегі тұрақты комитетімен, Өсімдік карантині және оны қорғау жөніндегі Азиялық және Тынық мұхиттық комиссиямен, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топпен, Салықтар мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықпен, Энергетиканы реттейтін органдардың өңірлік қауымдастығымен, Шанхайынтымақтастық ұйымымен және т.б.);

      ДСҰ мүшелерімен және ДСҰ Хатшылығымен, оның ішінде ДСҰ-ның мамандандырылған комитеттерінің шеңберінде (Одаққа жаңа мүшелердің қосылуына, көпжақты жаңа сауда қағидаларының қалыптасуына, сауда дауларын шешуге, сыртқы сауда қызметін реттеу шараларын, санитариялық және фитосанитариялық шараларды және техникалық реттеуді қолдануға, басқа да мәселелерге байланысты тарифтік келіссөздерді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің осы ұйымға қатысуы мәселелері бойынша);

      үшінші мемлекеттермен, Кимберлий процесі шеңберіндегі басшы және жұмысшы органдармен көпжақты ынтымақтастық дамытылатын болады.

      Мыналар:

      үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану жөніндегі құзыретті іске асыру шеңберінде үшінші елдердің аумағына сапарларды және өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

      ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мәселелері бойынша үшінші елдермен, халықаралық интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл (оның ішінде тиісті бағыттар бойынша ДСҰ комитеттерінің отырыстарына қатысу, Одақтың ішкі нарығын қорғау шаралары жөніндегі істер шеңберінде ДСҰ дауларын шешу жөніндегі органның іс-шараларына қатысу шеңберінде);

      бейінді семинарлар мен сараптамалық іс-шараларға қатысу жалғастырылатын болады.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 39-бабына сәйкес 2015-2016 жылдары Одақтың және мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларға қатысты үшінші тарап қолданатын саудадағы шектеу шаралары мониторингі жұмысы, сондай-ақ мүше мемлекеттермен бірлесіп шектеу шараларын жою жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

      Халықаралық іскер және сараптама қоғамдастығымен, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форуммен, Дүниежүзілік "ЭКСПО – 2015" көрмесімен, сауда-өнеркәсіп палаталарымен, өңірлік даму банктерімен, "Дамушы елдердегі экономикалық интеграция: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" конференциясымен, Латын Америкасы елдеріне арналған Дүниежүзілік экономикалық форуммен, Астық жөніндегі Халықаралық кеңес конференциясымен, Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі халықаралық көрмесімен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесімен, Тауар-шикізат – 2015 форумымен, Әлемдік өндірушілер форумымен, "Бәсеке жөніндегі дүниежүзілік шолумен" өзара іс-қимыл, экономиканың жекелеген секторларын дамытудың озық әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында басқа да салалық көрмелерге, форумдарға, конференцияларға, оның ішінде көлік, авиация, металл өңдеу, станок жасау, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, металлургия, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік сатып алу, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу салаларына қатысу жалғастырылатын болады.

      _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады