Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне балық өсіруге арналған жабдыққа қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешімі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне балық өсіруге арналған жабдыққа қатысты өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН 89-тобына 2-ші қосымша ескертпедегі ЕАЭО СЭҚ ТН "8905 90 100 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8905 80 100" кодымен ауыстырылсын;

      г) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 41С ескертпемен толықтырылсын:

      "41C) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешімі күшіне енген күннен бастап, қоса алғанда 31.08. 2017 ж. дейінгі аралықта қолданылады.".

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 73 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай
тауар номенклатурасынан алып тасталатын
позициялар


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос. бірл.
өлш.


8905 90 100 0

– – теңіз

дана


8907 90 000 0

– өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 73 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын
позициялар


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос. бірл.
өлш.


8905 90 100

– – теңіз:



8905 90 100 1

– – – балықты жем шашып қоректендіруге арналған, өзгелерін айтпағанда,жем беріп тұратын жабдықпен және жемді сақтауға арналған, жүк сыйымдылығы 155 м3-тан кем емес бункерлермен жабдықталған жүзбелі құралдар

дана


8905 90 100 9

– – – өзгелері

дана


8907 90 000

– өзгелері:



8907 90 000 1

– – каркасының ішкі диаметрі 20 м немесе одан астам, бірақ 50 м аспайтын, балық сақтайтын су қоймасы бар дөңгелек кішілеу кемелер

дана


8907 90 000 9

– – өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 73 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)


8905 90 100 1

– – – балықты жем шашып қоректендіруге арналған, өзгелерін айтпағанда, жем беріп тұратын жабдықпен және жемді сақтауға арналған, жүк сыйымдылығы 155 м3-тан кем емес бункерлермен жабдықталған жүзбелі құралдар

1041C)


8905 90 100 9

– – – өзгелері

10


8907 90 000 1

– – каркасының ішкі диаметрі 20 м немесе одан астам, бірақ 50 м аспайтын, балық сақтайтын су қоймасы бар дөңгелек кішілеу кемелер

1541C)


8907 90 000 9

– – өзгелері

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады