Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспорты туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиінің паспортының) және өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабы төртінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысаны;

      Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібі (бұдан әрі – Толтыру тәртібі);

      Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспорттарының бланкілері туралы мәліметтер алмасу тәртібі бекітілсін.

      2. Мынадай:

      а) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бланкілері қатаң есептілік құжаты болып табылады, олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) А4 форматтағы (210 х 297 мм) ақ қағазда, түзетуден немесе сүртіп кетіруден қорғауды қамтамасыз ететін бояуды пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген бланкілерді қорғау дәрежесіне қойылатын талаптарға сәйкес баспаханалық тәсілмен дайындалады және кем дегенде 8 қорғау дәрежесі болады, соның ішінде:

      айқын кереғар түсті, сенімді түрде көзбен шолып бақылануы қамтамасыз етілетін 2 түсті ашық-көлеңкелі су белгісі;

      спектрдің көрінетін немесе өзге де салаларында бақыланатын талшықтың кем дегенде 2 түрі болады. Бұл ретте талшық түрінің бірін енгізудің басқа түрлерімен – конфеттимен, полимерлік жіптермен, капсулданған люминоформен ауыстыруға жол беріледі. Ультракүлгін сәуленің әсерімен көрінетін көгілдір түсті люминесценциясы бар арнайы талшықтарды қолдануға жол берілмейді;

      2 түс аясындағы торды ауыспалы адыммен және түрлі-түсті жіп тәрізді жаймалап салу;

      қарпінің биіктігі оң орындауда 150 -200 мкм, ал кері орындауда – 200 – 250 мкм микромәтін;

      бояумен басылған, көрінетін спектрде көрінбейтін және сары-жасыл түсті ультракүлгін сәуленің әсерімен люминесценцияланатын элемент;

      ксерокөшіруден қорғау элементі;

      ыстықтай бедерлеу әдісімен салынған микромәтіні бар голограмма;

      бланк сериясынан, елдің 2 әріптік кодынан (ISO 3166-1 (alpha) анықтамалығына сәйкес) және бланктің реттік нөмірінен (2 бас әріп және 6 араб цифры) тұратын баспаханалық нөмірі болады;

      б) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысаны және осы Шешіммен бекітілген тәртіптер осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      в) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортын нысан бойынша және мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес ресімдеуге жол беріледі;

      г) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысаны және осы Шешіммен бекітілген тәртіптер Армения Республикасында 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиінің паспортының) және өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама күшіне енген күннен бастап 6 ай өткен соң қолданылады;

      д) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспортын нысан бойынша және мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес әрі осы Шешіммен бекітілген бірыңғай нысан бойынша және Толтыру тәртібіне сәйкес бір мезгілде ресімдеуге жол берілмейді;

      е) нысан бойынша және мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес ресімделген өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспорттарын бірыңғай нысан бойынша және осы Шешіммен бекітілген Толтыру тәртібіне сәйкес ресімделген паспортқа ауыстыру мақсатында қайта ресімдеу талап етілмейді деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко


  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 100 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының БІРЫҢҒАЙ НЫСАНЫ

      (Бет жағы)


ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР
(26)

Күні
(27)

Лауазымды адамның
қолы, мөрі
(28)

ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН МАШИНАНЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА (1)
ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІНІҢ ПАСПОРТЫ
 
№_____________(2)
 
Машина типі_____________________________________________________(3)
Машинаның маркасы, моделі,
коммерциялық атауы______________________________________________(4)
Дайындаған ұйым, дайындаған ел____________________________________(5)
Мекенжай________________________________________________________(6)
Шығарған ел______________________________________________________(7)
Сәйкестік сертификаты
(сәйкестік туралы декларация) № ______________ ______ __________ ж._(8)
Берілді (тіркелді)__________________________________________________(9)
Машина жасалған жыл ____________ж. (10)
Машинаның зауыттық нөмірі
машинаның сәйкестендіру нөмірі
(VIN немесе PIN)__________________________________________________(11)
Қозғалтқыш (қозғалтқыштар) типі___________________________________(12)
Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) моделі, нөмірі____________________(13)
Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) жұмыс көлемі, см3________________(14)
Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) қуаты, кВт (а. к) _________________(15)
Қозғалтқыштың түрі_______________________________________________(16)
Машинаның түсі__________________________________________________(17)
Ең көп техникалық жол берілетін массасы, кг_________________________(18)







Ең көп конструктивтік жылдамдық, км/с___________________________(19)
Габариттік өлшемдері, мм_______________________________________(20)
Меншік иесінің атауы (Т.А.Ә.)____________________________________(21)
Меншік иесінің мекенжайы_______________________________________(22)
Паспортты берген органның (ұйымның) атауы
_______________________________________________________________(23)
Паспорт берілген күн "____" _______________ж. (24)
М. О. Қолы_____________ _______________________________(25)
(Т.А.Ә.)


      (Сырт жағы)


Тіркеу туралы куәлік: серия _________№_____________________________(29)
Тіркеу белгісі: өңір коды _______серия ________№____________________(30)
Тіркеу күні "____" _________________ж. (31)
________________________________________________________________(32)
(машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) атауы
М. О. Қолы_____________________________(33)
Есептен алу күні "____" _______________ж. (34)
М. О. Қолы______________________________(35)
Жаңа меншік иесінің
атауы (Т.А.Ә.)__________________________________________________(36)
Жаңа меншік иесінің мекенжайы____________________________________(37)
Сату (беру) күні "____" ________________ж. (38)
М. О. Бұрынғы меншік
иесінің қолы______________________________(39)
 
Тіркеу туралы куәлік: серия __________№_____________________
Тіркеу белгісі: өңір коды _______серия _______№______________
Тіркеу күні "____" ____________________ж.
_________________________________________________________
(машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) атауы
 
М. О. Қолы______________________
Есептен алу күні "____" _______________ж.
М. О. Қолы_______________________

Тіркеу туралы куәлік: серия _________№_______________________________
Тіркеу белгісі: өңір коды _______серия ________№______________________
Тіркеу күні "____" _________________ж.
__________________________________________________________________
(машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) атауы
М. О. Қолы_______________________________
Есептен алу күні "____" _______________ж.
М. О. Қолы_______________________________
Жаңа меншік иесінің
атауы (Т.А.Ә.)___________________________________________________
Жаңа меншік иесінің мекенжайы____________________________________
Сату (беру) күні "____" ________________ж.
М. О. Бұрынғы меншік
иесінің қолы_______________________________
 
Тіркеу туралы куәлік: серия __________№_____________________________
Тіркеу белгісі: өңір коды _______серия _______№______________________
Тіркеу күні "____" ____________________ж.
_________________________________________________________________
(машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) атауы
 
М. О. Қолы______________________________
Есептен алу күні "____" _______________ж.
М. О. Қолы_______________________________

Жаңа меншік иесінің
атауы (Т.А.Ә.А.) ___________________________________________________
Жаңа меншік иесінің мекенжайы_____________________________________
Сату (беру) күні "______" _________________ ж.
М.О. Бұрынғы меншік
иесінің қолы_______________________________________
 

Жаңа меншік иесінің
атауы (Т.А.Ә.А.) _________________________________________________
Жаңа меншік иесінің мекенжайы___________________________________
Сату (беру) күні "______" ____________________ ж.
М.О. Бұрынғы меншік
иесінің қолы______________________________________
 

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
18 тамыздағы № 100 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысанын толтыру ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының (бұдан әрі тиісінше – паспорт, машина) бірыңғай нысанын толтырудың қағидасын айқындайды.

      2. Паспортты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген ұйымдар – машина дайындаушылар және өздері шығаратын машиналардың, көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және басқа да техника түрлерін дайындаушы – ұйымдар (бұдан әрі – дайындаушылар), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) заңнамасында көзделген жағдайларда - көрсетілген бірыңғай тізілімге енгізілген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар (ұйымдар) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша ресімдейді.

      Паспорт толық комплектілі машинаға ресімделеді.

      3. Паспорт электрондық басу құрылғысын пайдалана отырып орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талап бар болған жағдайда, паспорт берілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жасалады.

      Паспорттың 25 – 39 жолақтары қара немесе көк түсті шарикті қаламсап пайдаланыла отырып толтырылуы мүмкін.

      Паспортты мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде ресімдеу қосымша парақтүрінде жүзеге асырылады, оның бланкісі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20... жылғы № .... шешімімен паспорт бланкісі үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Көрсетілген қосымша парақ осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес толтырылады. Бұл ретте қосымша парақтың 1-бетінің сол жақ жоғарғы бұрышына "Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспортына № _____ қосымша парақ" (паспорт бланкісінің баспаханалық нөмірін көрсете отырып) деген белгі қойылады.

      Дайындаушыға қатысты (атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжай (мемлекеттің атауынан басқа) немесе өнім (машинаның типі, маркасы, моделі, сәйкестендіру нөмірі, қозғалтқыштың типі, моделі және нөмірі) мәліметтерді көрсету кезінде қажет жағдайда латын әліпбиін пайдалануға болады.

      4. Паспорттың барлық жазусыз жолақтары толтырылуға тиіс (паспорттың түпнұсқасында жолақтары нөмірленбеген).

      5. Паспортта:

      1) 1-жолақта– 2 жолда мынадай дәйектілікпен орындалған жазулар бар:

      1-жол – "ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН МАШИНАНЫҢ";

      2-жол – "ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІНІҢ ПАСПОРТЫ";

      2) 2- жолақта– бланк дайындау кезінде қойылатын паспорт бланкісінің баспаханалық нөмірі;

      3) 3-жолақта–машинаның конструкциялық ерекшеліктері мен мақсаты (трактор, астық жинайтын комбайн, экскаватор, жүк тиегіш, қарда жүретін, қар-батпақта жүретін, тіркеме және басқалары) айқындайтын сипаты көрсетілетін типі ;

      4) 4-жолақта – машинаға дайындаушы (ол бар болған жағдайда) берген марка, модель, коммерциялық атау;

      5) 5-жолақта – дайындаушының толық атауы, дайындаған елдің атауы;

      6) 6-жолақта – дайындаушының орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы;

      7) 7-жолақта – машина шығарылған елдің атауы, ол мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады;

      8) 8-жолақта –берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың Бірыңғай тізіліміндегі сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі және тіркелген күні (күні сөз-цифр тәсілімен: саны – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқарған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі.

      Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұрын тіркелген немесе жеке тұлға мүше мемлекеттің аумағына жеке пайдалануы үшін әкелген машинаға паспортты уәкілетті орган (ұйым) тіркеген жағдайда, 8-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі. Бұл ретте паспорттың 26-жолағында машинаның Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұрын тіркелгенін немесе жеке тұлға мүше мемлекеттің аумағына жеке пайдалануы үшін әкелгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі;

      9) 9-жолақта – Кеден одағының сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтары) жөніндегі органдарының Бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі сәйкестік сертификатын берген органның атауы немесе көрсетілген Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органның сәйкестік туралы декларациясын тіркеген органның атауы не Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі №76 шешімімен бекітілген Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеу туралы ережеге сай сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге уәкілетті мүше мемлекеттің органы көрсетіледі.

      Егер 8-жолақта "жоқ" деген жазба келтірілсе, 9-жолақта да "жоқ" деген жазба келтіріледі;

      10) 10-жолақта – машинаның жасалған жылы (жылды "ж." деген қысқарған белгіленіммен көрсете отырып төрт араб цифрымен) көрсетіледі.

      Атаулары өзгертіле отырып, машиналар тракторларды және өзге де машиналарды сериялық шығару базасында жасалған жағдайда 10-жолақта базалық трактордың немесе өзге де машиналардың жасалған жылы көрсетіледі.

      Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған, мүше мемлекеттің аумағына әкелінген және олардың жасалған жылын құжаттық растау немесе машинаны таңбалануы бойынша айқындау мүмкін болмаған машиналарға қатысты 10-жолақта осындай машинаның мүше мемлекеттің аумағына әкелінген жылы көрсетіледі. Бұл ретте паспорттың 26-жолағында "Жасалған жылы Еуразиялық экономикалық одақ аумағына әкелу жылы бойынша белгіленді" деген жазба келтіріледі, сондай-ақ әкелуді растаған құжаттың ресімдеу нөмірі мен күні;

      11) 11-жолақта –дайындаушы берген зауыттық реттік нөмірі, ал егер қабылданған таңбалауға сәйкес машинаға сәйкестендіру нөмірі (VIN немесе PIN) жазылса – машинаға берілген тиісті шартты белгіленім көрсетіледі.

      Машиналар атауы өзгертіле отырып, олар тракторлар және өзге де машиналар сериялық шығару базасында жасалған жағдайда 11-жолақта машина солардың базасында жасалған трактордың немесе өзге де машинаның зауыттық нөмірі (ол машинада немесе машинаның таңбалық тақтайшасында сақталған жағдайда) көрсетіледі;

      12) 12-жолақта –қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) типі: іштен жанатын қозғалтқыш (қозғалтқыштар) және (немесе) машинаның конструкциясында қолданылатын электр қозғалтқыш (электр қозғалтқыштар) және олардың саны көрсетіледі.

      Тіркемелерге қатысты 12-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі.

      13) 13-жолақта – модель және қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) дайындаушы берген нөмірі (нөмірлері) көрсетіледі.

      Тіркемелерге қатысты 13-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі.

      14) 14-жолақта – іштен жану қозғалтқышы (қозғалтқыштары) цилиндрлерінің жұмыс көлемі көрсетіледі.

      Электр қозғалтқыштары бар машиналарға немесе тіркемелерге қатысты 14-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі.

      15) 15-жолақта – қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) номиналдық (киловаттарда және ат күшінде) қуаты көрсетіледі. Машина конструкциясында оны қозғалысқа келтіру үшін 1-ден астам қозғалтқыш қолданылған жағдайда, бір мезгілде жұмсалуы мүмкін барлық қозғалтқыштардың жиынтық номиналдық қуаты көрсетіледі.

      Егер машина конструкциясында іштен жану қозғалтқышының механикалық энергиясы машинаны қозғалысқа келтіру үшін электр қозғалтқыш (электр қозғалтқыштары) арқылы кейіннен электр энергиясына айналса, 15-жолақта іштен жану қозғалтқышының номиналдық қуаты көрсетіледі.

      Тіркемелерге қатысты 15-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі.

      16) 16-жолақта – машинаның конструкциясында қолданылған қозғалтқыш түрі ("доңғалақты", "шынжыр табанды", "жартылай шынжыр табанды", "жанышқыш" және басқа);

      17) 17-жолақта – машина боялған, көзбен шолып айқындалатын негізгі түс (көк, қызыл, сары, қызыл қоңыр, жасыл, қара, сұр, ақ, қызғылт сары немесе күлгін) көрсетіледі. Егер машина бірнеше түске боялған және олардың негізгілерін көзбен шолып айқындау мүмкін болмаған жағдайда, 17-жолақта "құрама" немесе "көп түсті" деген жазба келтіріледі, одан кейін негізгі түстер көрсетіледі.

      18) 18-жолақта – машинаның ең көп техникалық жол берілетін массасы;

      19) 19-жолақта – техникалық құжаттамада белгіленген қозғалыс жылдамдығы диапазонынан машина қозғалысының ең көп жылдамдығы көрсетіледі;

      Тіркемелерге қатысты 19-жолақта "жоқ" деген жазба келтіріледі.

      20) 20-жолақта – машинаның көліктік жағдайдағы ұзындығы, ені және биіктігі;

      21) 21-жолақта – меншік иесінің атауы (заңды тұлға үшін) немесе меншік иесінің (жеке тұлға үшін) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      22) 22-жолақта – меншік иесінің мекенжайы: орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);

      23) 23-жолақта – тіркелуге уәкілетті машинаға қатысты тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті паспортты (паспорттың телнұсқасын) берген дайындаушының, уәкілетті органның (ұйымның) немесе мүше мемлекеттің органының (ұйымының) (бұдан әрі – орган (ұйым) атауы;

      24) 24-жолақта – паспорттың берілген күні (күні сөз-цифр тәсілімен: сан – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқартылған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі);

      25) 25-жолақта –паспортты (паспорттың телнұсқасын) берген дайындаушының, уәкілетті органның (ұйымның) немесе тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) лауазымды адамының (мөр баса отырып) қойған қолы, тегі және аты-жөні;

      26) 26-жолақта – осы мемлекетте белгіленген талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда, машинаның оның аумағында бастапқы болуы белгіленген мүше мемлекет көрсетіледі. Машинаның Одақтың техникалық регламентінің талаптарына немесе Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжат бар болған жағдайда 26-жолақта "Пайдаланылуы шектеусіз" деген жазба келтіріледі. Бұл жазбаны дайындаушы немесе уәкілетті орган (ұйым) паспортты бастапқы ресімдеу кезінде енгізеді.

      26-жолақта сондай-ақ паспортта мазмұндалған мәліметтерді (осы мәліметтерді өзгерту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін келтіре отырып) өзгерту туралы ақпарат келтіріледі. Мұндай ақпаратты тіркеуді уәкілетті орган (ұйым) көрсетеді және онда:

      меншік иесі (меншік иесінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын) оның мекенжайын өзгерту);

      агрегаттың жаңа нөмірін көрсете отырып, нөмірлік агрегаттар (қозғалтқышты ауыстыру, раманы ауыстыру) туралы мәліметтерді өзгерту туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

      Дайындаушы немесе уәкілетті орган (ұйым) паспортты бастапқы ресімдеген кезде паспортта мазмұндалған мәліметтерді өзгерту туралы ақпаратты 26-жолаққа енгізуге жол берілмейді.

      26-жолақта жедел де шұғыл қызметті шақыру құрылғысының (жүйесінің) сәйкестендіру нөмірі туралы, кедендік шектеулер, сондай-ақ кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтерді көрсетуге жол беріледі;

      27) 27-жолақта – паспорттың 26-жолағына тиісті мәліметтердің енгізілген күні (күні сөз-цифр тәсілімен: сан – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқартылған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі);

      28) 28-жолақта –мөрмен куәландырылған, дайындаушының, уәкілетті органның (ұйымның) немесе тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) паспорттың 26-жолағына мәлімет енгізген лауазымды адамының қойған қолы;

      29) 29-жолақта – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген машинаны тіркеу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;

      30) 30-жолақта –мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген өңірдің коды, тіркеу белгісінің (мемлекеттік тіркеу белгісінің, мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің) сериясы мен нөмірі;

      31) 31-жолақта – тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) машинаны тіркеген күні (күні сөз-цифр тәсілімен: сан – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқартылған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі);

      32) 32-жолақта – машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) атауы;

      33) 33-жолақта –машинаны тіркеуді жүзеге асырған органның (ұйымның) лауазымды адамының (мөр баса отырып) қойған қолы;

      34) 34-жолақта –тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) машинаны тіркеу есебінен алу күні (күні сөз-цифр тәсілімен: сан – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқартылған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі);

      35) 35-жолақта – машинаны тіркеу есебінен алуды жүзеге асырған тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) лауазымды адамының (мөр баса отырып) қойған қолы;

      36) 36-жолақта – жаңа меншік иесінің атауы (заңды тұлға үшін) немесе жаңа меншік иесінің (жеке тұлға үшін) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      37) 37-жолақта – жаңа меншік иесінің мекенжайы: орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);

      38) 38-жолақта – машинаның сатылған (берілген) күні(күні сөз-цифр тәсілімен: сан – екі араб цифрымен (жақшада), ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен (жылды "ж." деген қысқартылған белгіленіммен көрсете отырып) көрсетіледі);

      39) 39-жолақта – машинаның бұрынғы иесінің қойған қолы (тіркеуге уәкілетті органның (ұйымның) мөрін баса отырып) көрсетіледі.

      6. Паспортты толтыру кезінде қол қоюдың орнына факсимилені пайдалануға жол берілмейді.

      7. Паспорттың 29 – 35-жолақтарын тіркеуге уәкілетті орган ( ұйым) толтырады.

      Паспорттың 36 – 39-жолақтарын машинаның бұрынғы меншік иесі толтырады.

      8. Осы Тәртіпте көзделмеген мәліметтерді паспортқа енгізуге, сондай-ақ сөздерді (жалпы жұрт танығандардан басқа) қысқартып пайдалануға және мәтінді түзетуге жол берілмейді.

      Паспортты толтыру кезінде жол берілген қате анықталған жағдайда, қате жіберген органнан (ұйымнан, адамнан) алынған мәлімет негізінде тіркеуге уәкілетті орган (ұйым) паспорттың 26 – 28-жолақтарында тиісті ақпаратты көрсетеді.

      9. Паспорт жоғалған немесе бүлінген жағдайда осы паспорттың телнұсқасын:

      паспорт берген дайындаушы – айналысқа шығарылған, бірақ тіркеуге уәкілетті орган (ұйым) тіркемеген, өзі дайындаған машинаға қатысты;

      паспорт берген уәкілетті орган (ұйым) – Одақтың кедендік аумағына әкелінген, бірақ тіркеуге уәкілетті орган (ұйым) тіркемеген машинаға қатысты;

      тіркеуге уәкілетті орган (ұйым) – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген машинаға және тіркелмеген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұрын тіркелген машинаға қатысты береді.

      Бұл ретте паспорт телнұсқасының 26-жолағында "ТЕЛНҰСҚА. ӨЖМП" орнына берілді" деген жазба келтіріледі, сондай-ақ паспорт түпнұсқасының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
18 тамыздағы № 100 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлері паспорттарының бланкілері туралы мәліметтер алмасу ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешіміне сәйкес дайындалатын өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлері паспорттарының бланкілері (бұдан әрі – паспорттар бланкілері) туралы мәліметтер алмасу қағидасын айқындайды.

      2. Паспорттардың бланкілері туралы мәліметтер алмасуға жауапты органдарды (бұдан әрі – уәкілетті органдарды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер айқындайды.

      3. Уәкілетті органдар туралы (олардың атауы, орналасқан жері, нақты мекенжайлары, сондай-ақ телефон нөмірлері мен электрондық почта мекенжайлары көрсетілетін) мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналастырылады.

      4. Уәкілетті органдар паспорттар бланкілерінің нөмірлері туралы мәліметтермен:

      паспорттардың дайындалған бланкілеріне қатысты – ай сайын;

      жоғалған, толтыру кезінде бүлінген немесе жарамсыз болып қалған паспорттардың бланкілеріне қатысты – уәкілетті орган тиісті мәліметтерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей алмасады.

      5. Паспорт бланкісінің түпнұсқалығына күдік туындаған жағдайда немесе паспортта көрсетілген мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде уәкілетті орган оның аумағында паспорттың осындай бланкісі дайындалған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органына тиісті сауал жолдайды.

      6. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес мәліметтерді сұрату сауал жолдаудың негізін және оған қатысты ақпарат сұратылып отырған паспорт бланкісінің нөмірін қамтуға тиіс.

      Сауалға уәкілетті органның лауазымды адамы қол қояды.

      7. Өзінің мекенжайына сауал келіп түскен уәкілетті орган осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес осы сауалды алған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның лауазымды адамының қолы қойылған жауап жолдайды.

      Егер сауалға көрсетілген мерзімде жауап беру мүмкін болмаса,бұл жағдайда өзіне сауал келіп түскен уәкілетті орган сауал салушы уәкілетті органды мәліметтердің белгіленген мерзімде берілмеуінің себептері туралы, сондай-ақ жауап берудің жоспарланған мерзімдері туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      8. Сауалдар және сауалдарға жауаптар почта байланысын пайдалана отырып немесе сканерлеу түрінде (түпнұсқаларды міндетті түрде ұсына отырып) электрондық почта бойынша жолданады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады