Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 18 тамыздағы № 20 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:

      Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) өзгерістерді ескере отырып қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 20 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктеменің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. СЭҚ ТН ЕАЭО "0712 90 900 0" кіші позицияға түсініктемелерде 07-топтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "1211 90 850 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "1211 90 850 9" кодымен ауыстырылсын.

      2. 12-топта:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН "1207 99 960 0" кіші қосалқы позициясына түсініктеменің бірінші абзацындағы "оның алдындағы кіші қосалқы позицияға" деген сөздер "оның алдындағы қосалқы позиция мен кіші қосалқы позицияға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ә) ЕАЭО СЭҚ ТН "1211 90 850 0" кіші қосалқы позициясына түсініктеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "1211 90 850 9 өзгелері

      Олар аталған тауар позициясының оның алдындағы қосалқы позициясына немесе кіші қосалқы позициясына енгізілмейтін болса, аталған кіші қосалқы позицияға 1211 тауар позициясына түсініктемеде көрсетілген өсімдік, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдар мен жемістер, сондай-ақ төмендегі:

      1) қарасора өсімдігінің органикалық емес немесе органикалық (толықтыру ретінде жәй пайдаланылатын) заттармен араластырылған немесе араластырылмаған бөлігі;

      2) "апельсин бұршағы" немесе шикі, жеуге келмейтін апельсинді білдіретін, гүлдегеннен кейін бірден дерлік түсіп қалатын және, атап айтқанда, одан эфир майын (петигренді эфир майын) алу үшін құрғақ күйінде жиналатын "оранжеттер";

      3) кептірілген бақбақ жапырақтары (Taraxacum offficinale);

      4) кептірілген қымыздық (Rumex acetоsa);

      5) кептірілген настурция (TropaeoIum majus) бөліктері енгізіледі.

      Аталған кіші қосалқы позицияға балдырлар (1212 тауар позициясы) немесе асқабақ тұқымы (1207 1209 тауар позициясы) енгізілмейді".

      3. ЕАЭО СЭҚ ТН "842890 900 0" кіші қосалқы позициясына түсініктемедегі 84-топта ЕАЭО СЭҚ ТН "8426 49 009 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8426 49 009 9" кодымен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады