Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығару саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 2 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығаруының жай- күйіне талдаудың нәтижелерін назарға ала отырып, өнеркәсіп өндірісін дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасаудың маңыздылығын ескере отырып,

      Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың 2-тармағы 2тармақшасының екінші абзацына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №27 қосымша)

      осы Ұсыным ресми жарияланған күнінен бастап мүше мемлекеттерге:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен қосымшаға сәйкес іс-шаралар тізбесі бойынша ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығару саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

      Еуразиялық экономикалық комиссияға 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін көрсетілген іс-шаралар тізбесін іске асыру жөнінде ұсыныстар беруге ұсыным жасайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 2 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығару саласындағы ынтымақтастығын дамыту бойынша іс-шаралар
ТІЗБЕСІ

І. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірушілердің қолжетімділігіне тең жағдайлар жасау

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) нарығында ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға, құрауыштарға, деталдарға өзара қолжетімділігіне, оның ішінде мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған ашық конкурстар өткізу кезінде, кедергілерді жою.

      2. Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер үшін мыналарды:

      а) ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірушілердің және мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер арасындағы өзара ісқимылды;

      б) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылық өндірушілерінің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды ұтымды пайдалануға бағдарлануын;

      в) ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің аймақтық үлгілік технологияларын қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұсынымдар әзірлеу.

      3. Мына ақпаратты:

      а) ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтар, сондайақ олардың тораптары мен құрауыштары туралы ақпаратты қамтитын, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды өндірушілер тізбесін;

      б) коммерциялық құпияны немесе технологиялар саласындағы ноу-хауды қамтымайтын, инновациялық жобалар тізілімін;

      в) нарықтың, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар паркінің жайкүйіне шолуды мүше мемлекеттердің атқарушы билігінің уәкілетті органдарының "Интернет" ақпараттықтелекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтына орналастыру және Еуразиялық экономикалық комиссияға табыс ету.

ІІ. Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығарушыларды қолдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жағдайлар жасау

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттер аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға қатысты кедендік, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу шаралары жөнінде ұсыныстар беру.

      5. Мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды бірлесіп шығару үшін бірыңғай элементтік база ретінде пайдаланылуы мүмкін базалық құрауыштар (бірдейлендірілген деталдар, тораптар мен агрегаттар) тізбесін айқындау.

      6. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды өткізу, оның ішінде дилерлік орталықтар арқылы өткізу үшін, жағдайлар жасау.

      7. Қашықтықтан оқыту мен ауыл шаруашылығы машинасын жасайтын жетекші ұйымдарында өндірістік практикадан өту мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік орталықтар құруды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласын білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында кадрлар даярлау мен қайта даярлау бойынша мүше мемлекеттердің өзара ісқимылы.

ІІІ. Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар шығарушыларға үшінші елдердің нарығына бірлесіп шығуын қамтамасыз ететін тетіктер құру

      8. Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналардың және жабдықтардың үшінші елдермен саудасындағы кедергілерді қысқарту.

      9. Мүше мемлекеттер экспорттайтын ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға техникалық қызметтер көрсету бойынша сервистік желілер құру және дамыту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады