2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХХІІ бөлімінде көзделген міндеттемелерді Ресей Федерациясының бұзу фактісін тану және анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 31 шешімі.

      Беларусь Республикасы Сауда министрлігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 14-04/917к өтінішін, Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 19-02-03/332 хатын қарау нәтижелері бойынша және Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 34-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      мұндай тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету Ресей Федерациясының аумағында болмаған жағдайларды қоспағанда, елдің қорғаныс мұқтажы және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін тауарларды, жұмыстарды (қызметтер көрсетуді) сатып алуды жүзеге асыру үшін шет мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың, шетелдік тұлғалар орындайтын (көрсететін) жұмыстарды (қызметтердің) жіберілуіне Ресей Федерациясы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен (Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1470 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) белгіленген тыйым салу 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХХІІ бөлімінің, Хаттаманың 30-тармағының (сатып алу саласында ұлттық режим ұсыну бөлігінде) және 31-тармағының (айрықша жағдайларда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық режимнен алып қоюларды 2 жылдан аспайтын мерзімге белгілеу мүмкіндігі бөлігінде) ережелерін бұзу фактісі ретінде;

      Ресей Федерациясының анықталған бұзушылықтард жою қажеттігі танылсын.

      2. Хаттаманың 31-тармағына сәйкес сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюларды белгілеу туралы актіні қабылдау кезінде Хаттаманың 32-тармағын сақтау қажеттігіне Ресей Федерациясы назар аударсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады