Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 қыркүйектегі № 142 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 231 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияда ғылыми зерттеулермен байланысты қызметті ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы №77 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-коммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 142 өкіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. ІІ тарауда:

      а) "Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті" кіші бөлімінде "Орындалу мерзімі" бағанындағы "2016 жылға" деген сөздер "2016 – 2017 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті" кіші бөлімінен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

      "Қаржы саясаты департаменті

      1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеті арасында кедендік әкелу баждарының 2016 – 2017 жылдарға арналған сомаларын бөлу нормативтерін айқындауға әдіснамалық тәсілдер" ҒЗЖ

      Қаржы саясаты департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


      Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті


      "Құрылыс, жобалау және инжиниринг саласындағы 2016-2017 жылдар

      ырықтандыру

      жоспарын іске асыруды

      әдіснамалық қолдап және сүйемелдеп зерттеулер жүргізу, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде оның қолданылуының нормативтік реттелуі мен практикасын салыстырмалы талдау және жинақтау, сондай-ақ ең үздік халықаралық тәжірибені анықтау,

      үйлестіруге жататын актілерді (олардың ережелерін) реттеу шараларының мазмұндық эквиваленттілігінің болуын немесе болмауын айқындау (әдіснаманы әзірлеу мен келісуді қоса алғанда)"

      Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


      2. "Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша барлығы (36 ҒЗЖ)" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша барлығы (38 ҒЗЖ)".

      3. "Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша барлығы (47 ҒЗЖ)" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша барлығы (49 ҒЗЖ)"



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады